Казахстан



Pdf көрінісі
бет22/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80
дек. Нейрохирургия

Микрохирургиялық техника. Жүйке жүйесінің хирургия- 
сында ми тіндері мен жүйкелерге абай болу, гемостазды аз жарақат 
жасап және мұқият болу негізі ережелері болып табылады. Осы 
жағдай микрохирургиялық техниканың дамуына мүмкіндік берді. 
Микрохирургиялық техниканы қазіргі түсініктермен қолдану: 
1) үлкейтілген оптикалық жүйелер (операциялық микроскоп, 
бинокулярлы лупа) операциялық алаңға жақсы жарық түсіру үшін
2) микрохирургияға арналған арнайы құралдар, тігетін 
материалдармен қоса 
3) биполярлы коагуляцияға арналған аппаратуралар. 
Күшті жарықтандырғыш жүйемен жабдықталған стереоскоп- 
тық бақылауға мүмкіндігі бар жаңа жетілдірілген бинокулярлы 


40 
операциялық микроскоп (6-25 есе үлкейтіп көрсетуі мүмкіндігі 
бар). Бұл жүйе фото, кино және телекамералармен толықтырылған. 
Соңғы жылдары биполярлы коагуляцияны қолдану салдарынан 
операциялық іс-қимылдардан болатын жарақаттар едәуір азайды. 
Хирургияда жоғарғы жиілікті электрокоагуляцияның екі әдісі 
бар: моно және биполярлы. Монополярлы коагуляция кезінде 
науқастың денесі мен жанасатын пластикадан тұратын пассивті 
электрод қолданылады. 
Аппараттың келесі ұшы ұстағышта бекітілген активті 
электрод жалғасқан. Активті электродтағы жоғары жиіліктегі тоқ 
науқастың барлық денесіне таралып, пассивті электродқа түсіп, 
электр тізбегін тұйықтайды. Активті электродтың жұмыс үстінде аз 
алаң болғандықтан, аса электродта соғұрлым тоқ тығыз болады да, 
тіннің коагуляциясымен қызуын тудырады. Бірақ бұдан электр 
тоғының "шашылуы" коагуляция аймағынан тыс ұлпалардың 
жартылай зақымдануы болады. 
Биполярлы коагуляцияның ерекшелігі коагулятордың екі 
ұшы да екі бірдей электродтарға (активті) жалғасқан. Осы 
электродтардың арасындағы қашықтық олардың жұмыс істеу 
бетімен сәйкес болады. Бұл кезде тоқ электродтар арасымен жүріп, 
ол коагуляциялық әсер етуі электрод арасындағы кеңестіктегі 
ұлпаларды ғана алып жатады. 
Микрохирургияға 
арналған 
құралдардың 
құрылымы 
офтальмологияда, отолорингологияда, тамырлық хирургиямен
ювелирлі практикамен және жүйке жүйесінің белгілі бір 
хирургиялық, 10 әрекеттері мен байланысты болып келеді. Бұл 
құралдар қолдануга қолайлы болуы үшін ұзын сабымен, оның үш 
шағын пышақпен, қайшымен, ілгіштермен, кюветкалармен, 
коагуляциялайтын пинцеттердің ұшы жіңішке қан тамырларды 
ұстау үшін жұқарған болып келеді, ине ұстағыш - тамырларды 
тігетін жіңішке инені ұстау үшін, клипса ұстагыш - клипса салу 
үшін қолданылады. 
1961 – 1965 жылдары алғаш рет микрохиругиялық техниканы 
ми ісіктерін алу мен аневризмаларды тоқтатуда қолданған. Қазіргі 
уақытта микрохирургиялық, ми ісігін алғанда (есту жүйкесінің 
невриномасы гипофиз-селлярлық аймақтың ісігі және т. б.) 


41 
жұлынның интрамедуллалық ісігі, ми мен жұлынның ангиомасы, 
ортаңғы ми артериясының эмболы мен тромбоэктомиясы және осы 
артериялардың самай артериясы анастомозы, бассүйекпен жұлын 
жүйкелерінің қиылысуы және олардың қанмен қамтамасыз егілуін 
сақтай отырып тігіс салу, хордотомия және тағы басқа ауруларда 
кең таралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет