Казахстан



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
дек. Нейрохирургия

Орталық тілік. 1926 жылы Наффцигер Таун одан кейін 1928 
жылы Фразъе еңбек жазған. Тері мен тері асты шел майы (терең 
фасцияға дейін) сыртқы күйінде төмпешігі мен С6-ның сүйір 
өсіндісіне дейін төмен қарай тілік жүргізеді. Беткей жатқан жұмсақ 
тіндер терең фасциялардан кең түрде шеткері ашылады. Мойын 
бұлшықеттері орталық сызыктан сүйекке дейін тілінеді, 
ілгіштермен тартып, распатормен шүйде сүйегінен сүйек қабымен 
екі жағынан бөлінеді. Жоғарыдан бұлшықеттің шығыңқы 
сызықтарға бекітілген жерінен басталып еміздік тәріздес өсіндісіне 
дейін жалғасады.Бұлшықет пен сүйек арасындағы кеңестікті 
уақытша таңғышпен таңады. Шүйде сүйегі мен атлантқа бекітілген 
жері мықты сіңір болып, жараны ілгішпен тарту сүйекті ашуға 
мүмкіндік береді. Шүйде артериясы мен үлкен шүйде жүйкесі 
зақымдалған күйде қалады. Орталық тілік таға тәріздес тілікке 
қарағанда аз жарақаттанады және жарақаты тігіледі. Балалар мен 
жас өспірімдерде бұлшық ет апоневрозы мойын шүйде қабаты жұқа 
және шүйде сүйек вертикальді болып келеді. Орталық тілікте 
мишық жарты шарынан басқа да артқы бассүйек шұңқырының 
бөліктерін толық көруге болады. Үрдіс мишық немесе көпір-мишық 
бұрышында орналасса 10-12 жастан жоғары балаларға «таға 
тәріздес» тілік қолданылады. Үлкендерде оны жиі қолданады. 
Операцияның негізгі кезеңі біткеннен кейін қатты ми 
қабығын жартылай немесе толық тігуге болмайды. Артқы бассүйек 


39 
шұңқыры ісігін алғанда ми қабығын тігу қате болып саналады, 
себебі декомпрессиялық әсері бірден азаяды. 
Мидың қаты қабығын тігу мына жағдайларда ғана болады: 
патологиялық үрдістен операцияга дейін бассүйек ішінің қысымы 
көтерілмесе және операциядан кейін мишықта ісіктің пайда болуы 
қауіпі болмағанда. 
Артқы бассүйек шұңқырын бүйірінен, тігінен ашу әдісі. 
1941 ж. Адсон көпір-мишық бұрышының ісігін алу үшін тікелей 
кесуді ұсынды. Бұл орталық жазықтықтан 3 см шетке қарай 
вертикалды бағытта жүргізілген. Кесу жоғарғы айқын сызықтан 2 
см жоғары бастап, ірі қарай мойыннан аздап қиғаш латеральді 
сызықпен жалғасып, трапеция тәріздес және кеуде-бұғана-емізік 
тәріздес бұлшықеттер арасында аяқталады. Теріні, тері асты шел 
майын және сүйек қабын тілгеннен кейін, шүйде артериясы мен 
қан тамырлардан қан тоқтатқаннан кейін шүйде сүйекті бұлшықет 
пен сүйек қабы ретракциясы көмегімен жалаңаштайды. Одан кейін 
сүйектің қабыршағын ортаңғы сызыққа дейін толық бір жақты 
алып, мишықтың жарты шарынан 4-5 см көлемде сопақша тесік 
салумен шектеледі. Операцияны кетгут жібімен жылжыған 
бұлшықет қабатын қосып түйінді жібек жіптерін апоневроз бен 
теріге салумен аяқтайды. Бүл әдіс есту жүйкесінің ісігін алу 
отасында кең таралған. 
Көпір-мишық бұрышына жету мақсатында латеральді кесудің 
орнына бір жақты ілмек тәріздес кесу жасалуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет