Темперамент қасиеттерi:
Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:
1. Эмоционалды қозу. Бұл қасиет әте әлсiз сыртқы және iшкi әсерлерге жауап беру
қабiлеттiлiгi арқылы түсiндiрiледi.
2. Зейiннiң қозуы-индивид психикасының икемделу қызметiн көрсетедi. Ол әсер ететiн
тiтiркендiргiштердiң қарқындылығының аз ғана өзгеруiн байқауға қабiлеттi.
3. Эмоция күшi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша ол мотивтердiң қанағаттану және
қанағаттанбауына тәуелдi ''iс-әрекет энергизациясынан'' көрiнедi. (Қазiргi психологтар бұл
қасиеттi эмоционалды көрiнулердiң қарқындылығы мен модалдылығы деп атайды).
4. Үрейлiлiк. Б.М.Тепловтың түсiнуiнше үрейлiлiк дегенiмiз қатерлi жағдай кезiндегi
эмоционалды қозу. Ол эмоционалды қозу мен үрейлiлiктi бөлдi. Эмоционалды қозу
тiтiркендiргiш күшiне тәуелдi емес, ал үрейлiлiк тiтiркендiргiшке тiкелей тәуелдi.
5. Ырықсыз әрекеттердiң реактивтiлiгi. Жағдай мен тiтiркендiргiштерге икемделу
реакциясының қарқындылығының күшейуiмен сипатталады.
6. Ерiктi мақсатқа бағытталған iс-әрекет белсендiлiгi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша нақты
қойылған мақсатқа байланысты жағдайларды қайта жасау жолымен икемделу белсендiлiгiнiң
жоғарылауы кезiнде көрiнедi.
7. Икемдiлiк-икемсiздiк. Iс-әрекеттiң өзгеретiн талаптарына икемдiлiк.
8. Резитенттiлiк. Басталған iс-әрекеттi әлсiрететiн және жүргiзбейтiн iшкi және сыртқы
талаптарға қарсы тұра алу қабiлеттiлiгi.
9. Субъективизация.
10.
Темпераменттiң психологиялық сипаттамалары
11.
Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс
әрекетке пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына
жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға
сенiмi болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп,ешнәрсеге көңiл бөлмей
қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi,қызба келедi.Бiр сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай
адам.
12.
Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез
тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез атқарады.
Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi.
13.
Флегматик- барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi.
Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзедi. Ол
бөспелiктi сүймейдi.адамдармен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық пен селқостық оның
осал жағы. өзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке көңiл аудармайды.
14.
Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi
жақсы көредi. өсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi
ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-
қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |