Э.Кречмер бойынша дене бiтiмi бет әлпетiне қарай астеникалық тип-арық, жiңiшке
адам,соның арқасында ұзын болып көрiнедi. Астениктердiң дене және бет терiсi жұқа. Иықтары
кiшкентай. Саусақтары ұзын жiңiшке, бұлшық еттерi нашар жетiлген,ал әйел адамдар сонымен
қатар кiшкентай болады. Атлетикалық тип- орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкiрегi
үлкен, басы ұзынша, әрi тығыз, қаңқа сүйектерi мен бұлшық еттерi жақсы жетiлген. Пикниктик
тип- орта бойлы, мойны қысқа, семiруге бейiм, себебi бұлшық еттерi мен қозғалыс аппараттары
нашар дамыған. Э.Кречмердiң айтуы бойынша осы типтер психологиялық ауруларға шалдығуы
мүмкiн. Астениктер мен атлетиктер шизофрения
ауруына шалдығып жатады, оларды
шизотимиктер деп атайды. Оларға ақ сүйектiк, сезiмталдылық, менменшiлдiк, суықтық,
қатiгездiк, билiкке құмарлық және эмоциялардың болуы тән. Ал, пикниктер маникалды –
депрессивтi психозға бейiм, оларды циклотимиктер деп атайды. Оларға ақ көңiлдiлiк, ашық
мiнездiлiк, көпшiлдiк, көп сөйлегiштiк, қалжыңға бейiмдiк, жеңiлтектiк тән.
Мiнез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспiрiмдердi бақылауға негiзделген, нақты
бiр мiнез күшейуiн қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты.
1) Гипертимдi
тип- қозғалмалылық, қарым-қатынасқа бейiм жасөспiрiм. Шуды жақсы
көредi, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңiл-күйi өте жақсы болады, оқуы бiр қалыпты емес,
бiр орында отыра алмайды,тәртiпсiздiк байқалады. Үлкен адамдармен конфликтiлерге жиi түседi.
Көптеген нәрселерге қызығады, бiрақ ол тез өтедi. Өздерiнiң қабiлеттерiне тым сенгiш, тiптi
шектен тыс өзiне сенедi. Елдердiң алдында өзiн-өзi көрсеткендi ұнатады,
мақтаншақ болып
келедi.
2) Циклоидты тип- апатияға бейiм, тез қозады, көбiнесе өзiмен өзi жалғыз қалғанды ұнатады.
Барлық нәрселердi жүрегiне қатты алады. Екi үш апта сайын көңiл-күйлерi көтерiңкiден өзiне
кетiп қалуға ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады.
3) Лабильдi тип- көңiл-күйi ауа райы секiлдi тез өзгередi, оған әр түрлi қарапайым нәрселер
(бiреудiң көзқарасы, амандаспауы, бiр нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мiнез құлқы
уақытша көңiлге байланысты. Казiргiсi мен болашағы өзiнiң көңiлiне ұқсас болады, бiресе
көңiлде, бiресе түңiлiп те қалады. Кейде сәтсiздiктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңiл-күйi
төмен болады, көп әуреленедi, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн,оның басқа
нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзiне деген қарым-қатынасты ерекше сезiнедi.
4) Астено-невротикалық тип- қозғыш, шаршағыш, қырсық, Ақыл-ой жұмыстарына тез
шаршайды.
5) Сензитивтi тип-жоғары сезiмталдық тип.
Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейдi,
үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан
тұйық болып көрiнедi. Тек жақын адамдарына ғана ашық сөзшең болады, өзiнiң қатарластарынан
гөрi үлкен кiсiлермен, кiшкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердiң тiлiн алады, ата-
аналарына жақын келедi. Ондай адамдарда''кемiстiк комплексi''болады.
Ортаға бейiмделу
қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершiлiк қасиетi қалыптасып, өзiне және басқа
адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос таңдауда қателеспейдi, өзiнен үлкен адамдармен
достасқанды қалайды, оларды өте жақсы көредi.
6) Психо-астеникалық тип- интеллектiсi тез дамиды, өзiн-өзi
және басқаларды бағалауға
бейiм, көп ойланып талқылауды ұнатады, бiрақ iс жүзiнде емес, сөз жүзiнде ғана мықты. Өзiне-
өзi тым сену шешiмсiздiкпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешiм қабылдайды.
7) Шизоидты тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрi үлкендермен болғанды
ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенiн, немқұрайды екенiн көрсетiп, олардың
жағдайына көңiл бiлдiре алмайды. Iшкi жан дүниесi қиялға толы. Сырттай өз сезiмiн көрсете
бермейдi, маңайындағылар оны түсiне бермейдi.
8) Эпилептоидты тип- көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Ондай балалар
кiшкентайлар мен жануарларды ренжiтедi, өздерiн диктатор деп санайды. Олар қатiгез, өзiн-өзi
жақсы көредi, билеушi. Басқаларды қорқыту арқылы өзiне бағындырып, қиын ережелер қояды.
Өзiн басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бәрiн жасап, көтерiлуге
тырысады.
9) Истероидты тип- үнемi
ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзiн суреттеп
көрсетедi. Олар басқа бiреудi мақтағанды, басқаларға көңiл бөлгендi жақтырмайды. Тек қана оны
мақтап жүргендi ғана ойлайды. Көпшiлiк ортасында лидер болғанды ұнатады.
10)
Тұрақсыз тип- ерiк-жiгерсiз, өзен ағысы бойынша өмiр сүредi. Той-томалақ
жұмыссыздықты жақсы көредi. Талғаусыз, бәрiне қызығады. Өзiнiң болашағы жайлы
ойламайды, кәсiби қызығушылығы жоқ.
11)
Конформды тип- негiзгi ерекшелiгi барлығы сияқты болу. Өзi үшiн досын да сатып
кетедi, бiрақ не iстесе де оған себеп табады.
Адам мiнезiндегi әрбiр ерекшелiк белгiлi жағдайларға сәйкес көрiнiс бередi.
Мұндай
ерекшелiктердiң өзiндiк физиологиялық ерекшелiктер бар. Адам мiнезiнiң физиологиялық
негiзiн ашып көрсетуде ерекше орын алатын жәйт жоғары жүйке қызметiнiң типтерiндегi
ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И.Павлов қандай сигнал жүйесiнiң басым екендiгiне қарай
адам мiнезiнiң типтерiн мынадай үш типке бөледi:
1.Ойшыл тип-бұл негiзiнен сөзбен байланысты,екiншi сигнал жүйесi рефлекторлық
қызметiнiң басымдылығы.
2.Көркем тип-бiрiншi сигналдық шартты рефлекстiң басымдылығы.
3.Орташа тип-мұнда екi сигнал жүйесiнiң бiрде-бiрi басымдылық көрсете алмайды.
Адамдардың көпшiлiгi осы орташа типке жатады. Адам мiнезiнде бұлардан басқа да мiнез
ерекшелiктерiнiң пайда болуына әсер етiп отыратын арнайы типтердiң болуы ықтимал. Әр мiнез
ерекшелiктерiне сәйкес әр түрлi типтегi адамдардың еңбексүйгiштiгi
мен әрекетшiлдiгi де
түрлiше болып келедi.
Адам мiнезiнiң құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбiр мiнез
ерекшелiктерi бiр-бiрiне тәуелдi, өзара байланысты болып келедi. Мiнездегi осындай әртүрлi
қасиеттерден құрылған бiртұтас бiрлiктi мiнез құрылымы деп атайды. Ал, мiнездегi өзара
байланысты психикалық қасиеттердiң жүйесi симптомокомплекс не факторлар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: