1. Ӛсімдіктерді әкелу, флора қорын байыту. Құрылықтар-
да адамдардың алғашқы таралуы кезінен бастап және де қазіргі
кезеңдерде аймақтан аймаққа бару-келу нәтижесінде кӛптеген
ӛсімдіктер тұқымы, әсіресе арамшӛптер тұқымы таралған және
таралуда. Сонымен бірге, мәдени дақылдарды, оның сорттарын
жаңа жерлерге әкеліп ӛсіруде. Мысалы, Арал ӛңіріне күріш да-
қылы 1895-1896 жылдары әкелініп егіле басталды. Кейінірек
картофель, майлы дақылдар, жеміс-жидек ағаштарын әкеліп ӛсі-
руде, т.б. В.В. Алехиннің (1944) пікірі бойынша, тарихи кезең-
нен бұрын кӛне замандарда бар армшӛптерді археофиттер деп
атайды. Олар: қарамықша, ақ алабұта, жаманкӛк, түйежапырақ,
қанатжеміс, кӛкпек, гүлкекіре, арпабас, т.б. Жаңа заман арам-
шӛптері – неофиттер деп аталады. Олар: элодея (“су отбасы”),
майдажелек, есекшӛп, т.б.
Мәдени егіс танаптарын ластаушы жергілікті арамшӛп
түрлері апофиттер деп аталады. Мысалы, Арал ӛңіріндегі және
Іле мен Қаратал ӛзендері бойындағы алқаптардағы күріш план-
тацияларында және басқа да суармалы егіншілік жағдайында
зиянды арамшӛптер – күрмек, шиін, доңыз қоға, кәдімгі қамыс
ӛседі. Тың жерлерді айдағаннан кейін егістікте сиякӛк, әйкен
(чина), сәлбен, сарыбас түйежоңышқа, т.б. ӛсімдіктері пайда
болды.
Әрбір мәдени дақыл түрлері тұқымдарымен әкелінген (та-
ралған) арамшӛптерді – сегетальды деп атайды. Олар қарамық-
ша, кекіре, арпабас, ошаған, күрмек, шиін, т.б.
Қоқым тасталынған (үй маңы, жол жағасы, ӛндіріс қалдық-
тары орны) жерлерде ӛсетіндерді – рудеральды ӛсімдіктер деп
атайды. Олар: меңдуана, қалақай, түйежоңышқа, т.б.
Әдепкіде, Ботаникалық бақтарда, парктерде қолдан ӛсіріл-
ген кейбір ӛсімдіктер кейін жергілікті аймақ жағдайына бейім-
деліп, таралып кеткен ӛсімдіктер бар. Мысалы, Түркиядан иірта-
мыр (Acorus calamus), ал Орталық Азиядан шытырлақ (Impaticus
72
parviflora), Америкадан – картофель ӛсімдіктері әкелінген болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |