Сімдіктер экологиясы


Ойлаусыз жасалынған әсерлер



Pdf көрінісі
бет41/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Ойлаусыз жасалынған әсерлер. Ӛте ерте, кӛне замандарда 
адамдар ӛсімдіктер тұқымын, жеміс жидектерін, қоректенуге 
жарайтын мүшелерін жинап жеу, т.б. тіршілік әрекеттерін жаса-
ған. Бұл адамдарға пайдалы болғанымен, ӛсімдіктер әлеміне 
зияны бар және бұл тіршілік әрекеттері жануарлар мен жәндік-
тер жасаған зиянды әсерден айырмашылығы жоқ болған. 
Ч. Дарвиннің, Н.И. Вавиловтың пікірлері бойынша, ойлаусыз 
жүргізілген сұрыптау нәтижесінде кӛптеген мәдени ӛсімдіктер 
пайда болды. Қазіргі кезеңде де адамдар “байқамай” кӛптеген 
ӛсімдіктердің тұқымдарын таратуда, ал бұған себепкер – тран-
спорт жүйесінің күшті дамуы. Мысалы, Сыр ӛңірінде күріш да-
қылы 1895-1896 жылдардан бастап егіле бастады. Осы кезеңге 
дейін шӛлейт аймақта күрмек, шиін арамшӛптері ӛскен емес. 
Аталған арамшӛптердің дәні алғашқы әкелінген күріш тұқымы-


70 
мен бірге келіп, қазір кеңінен таралған, ӛте зиянды арамшӛптер-
дің біріне айналып отыр. Бұл арамшӛптерді жою үшін егіншілер 
кӛп қаржы жұмсап, ӛте улы гербицидттер сатып алып, күріш 
егісінде қолдануда. Бірақ, аталған арамшӛптер (күрмек, шиін) 
түгел жойылған жоқ, ал гербицидтер қоршаған ортаны ластауда.
Саналы тҥрде жасалынған әсердің ӛсімдіктер әлеміне 
пайдалы жағы да, зиянды әсері де бар. Атап айтқанда, жасанды 
түрде (саналы, ғылыми түрде) сұрыптау, яғни селекция, тұқым 
шаруашылығы арқылы ӛте кӛп ӛсімдік сорттары мен түрлерін 
жетілдіріп жақсартты, мәдени дақылдардың жаңа сорттары мен 
түрлерін (формаларын, үлгілерін) шығарды. Сонымен бірге
ӛсімдіктердің кӛптеген түрлерін жойып жіберді. Ал, қазіргі ке-
зеңнің ӛзінде кейбір ӛсімдіктерді (арамшӛптерді) жою үшін кӛп-
теген шаралар қолдануда.
А.П. Шенниковтің (1950) пікірі бойынша, адамзаттың ӛсім-
діктер әлеміне әсері шартты түрде тікелей (мелиорация, ору, 
таптау, ӛртеу, т.б.) және жанама (ӛсімдіктердің ӛсіп даму орта-
сын ӛзгерту) болып бӛлінеді. Адамзаттың ӛсімдіктер әлеміне 
әсері әртүрлі және ол 9 – кестеде келтірілген. 
9 – кесте 
Адамзаттың ӛсімдіктер әлеміне әсерінің негізгі түрлері 
Ӛсімдіктердің 
ӛсу ареалын 
ӛзгерту 
Адамдардың 
ӛсімдіктер 
әлеміне тікелей 
әсері 
Ӛзгермеген 
табиғатта 
жаңа ӛсу 
ортасын 
жасау 
Мәдени 
фитоценоздар 
жасау 
Ӛсімдіктерді 
әкелу. Ӛсу 
ареалын 
қысқарту және 
ӛсімдіктерді 
жою. 
Айдау, құрғату. 
Ормандарды кесіп 
жою. Мелиорация 
және шайып суа-
ру. Ӛртеу. Жан-
уарларды (мал-
дарды) жаю. Ору. 
Ауадағы түтін, 
газдар және басқа 
зиянды қоспалар, 
заттар әсері. 
Рудеральды 
орын жа-
сау. 
Ӛндірістік 
қалдықтары 
орнын 
жасау. 
Мәдени 
фитоценоздар 
(агроценоздар) 
жасау. 


71 
Қоғамдық формацияның ӛзгеруі, ғылым мен техниканың 
күшті дамып, адамдардың техникалық мүмкінщілігі және саны-
ның ӛсуіне байланысты ӛсімдіктер жамылғысына әсері шексіз 
артып келеді. Олардың негізгі бағыттары тӛмендегідей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет