36
8-тапсырма. Төмендегі нақыл сөздерде айтылған ойға сәйкес еңбектің адам
өміріндегі
мәні зор екенін дәлелдеп жаз
.
1. Ер дәулеті – еңбек. 2. Келген – дәулет, кеткен – бей нет. 3. Ер
еңбегіне бір тойсын. 4. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар. 5. Қо-
лы қимылдағанның аузы қимылдар. 6. Еңбегіне қарай өнбегі. 7. Жас
кезінде бейнет бер, қартайғанда дәулет бер. 8. Еңбек ерлікке жеткізер,
ерлік елдікке жеткізер.
9-тапсырма. Сабақтан алған әсеріңді, ойыңды жаз.
1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
2. Нені үйрендің?
3. Бірлескен жұмыс түрлері қызықты болды ма?
3–4-сабақ
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ІС
1-тапсырма. Өлең жолдарының мағынасын талда.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап да, бар қалан.
(Абай)
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мамандық таңдаудағы жауапкершілік туралы
диалог құрыңдар.
Мамандық… «Мамандық» сөзінің өзі
латын тілінен аудар ғанда
«жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді біл діреді екен. Ал қазір
ше? Заман талабына сай нарықтық қарым-қатынас пайда болып, қоғам
дамып, дүниеге түрлі жұмыс, әртүрлі
мамандық келе бастады, әлі де
олардың шегі көрінер емес. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың
келетін
жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны
да таңдау. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын
және
қандай да бір дайындықты, жауап кершілікті талап ететін еңбек
қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау
деген сөз.
Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне
сай кәсіп түрін таңдау… Бұл – өте жауапкершілікті және маңызды іс.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
37
Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен, өзін, өз бейімділігін тан-
уы қажет. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабі-
летіне, бейімділігіне, қалауына сү йенуі керек.
(Баспасөз материалдарынан)
Достарыңызбен бөлісу: