Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет29/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98
 
7-тапсырма. Берілген суреттер бойынша сұхбаттасыңдар. Қай мамандық 
ұнайды? Не үшін бұл мамандықты таңдадың? Өз ойыңды дәлелде. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


39
 
8-тапсырма. Газет-журналдардан еңбек, кәсіп туралы жазылған мақаланы 
таңдап алып, көтерілген мәселеге өз көзқарасыңды білдіріп, талдап жаз. 
 
9-тапсырма. «Кә сіп» сөзіне бес жолды талдау жаса.
 
 Зат есім. Не? 
 Сын есім. Қандай? 
 Етістік. Не істейді? 
 Синоним. 
 Сөйлем ... 
 
10-тапсырма. Сабақтан алған әсеріңді, мәліметтерді анықта. 
«P» – білемін
«+» – білмеймін
«–» – мен үшін 
жаңа ақпарат
«?» – мені 
таңғалдырды
5–6-сабақ
БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАР
 
1-тапсырма. «Мамандық – өмір таңдауы» дегенді қалай түсі не сіңдер? Ой 
бөлісіңдер.
 Болашақтың 10 мамандығы.
 Әлемге керек 10 маман.
 
2-тапсырма. Мәтінді мұғалімнің оқуында мұқият тыңда. Мұғалімнің да-
уыс ырға ғына зер сал
. Тыңдалған мәтін бойынша дұрыс жауабы бар үш 
сұрақ және дұрыс жауабы жоқ бір сұрақ дайында. Сұрақтарды сарала. Кім 
дұрыс жауап берді?
Дизайнер болу үшін не керек?
• Сәнді киімдер сататын компаниялардың немесе маркалардың 
тізімін жасап, олардың қай бағытта жұмыс істейтінін білу керек. Мы-
салы, жастарға арналған киім, күнделікті киім, балалар киімі, тағысын 
тағы.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


40
• Сүйікті дизайнерлеріңнің жұмысын мұқият зертте. Олардың ойын, 
идеясын, көздеген мақсатын тап басып тануға тырыс. Біреудің ойын 
толықтай көшіріп алуға болмайды, бірақ үйренуге болады.
• Сән журналдарын жиі-жиі парақтап, ішіндегі ұнаған үлгілерді көр-
некі жерге іліп қой. Сән әлемімен өмір сүр. Сонда идея өзінен-өзі туады.
• Сәнгер болғысы келетін адам әрдайым бабында болуы керек. Күн 
сайын жаңа үлгілерді ойлап тауып, солардың сызбасын сызып қой. Тың 
идея болмаса да, сыза беру керек. Бұл да өзгеге ұқсамайтын өз жолыңды 
табуға көмектесетін тәсіл.
• Дизайнер кереметтей суретші де болуы керек. Үлгінің өзін көрген-
де-ақ көз тоятындай етіп салуды меңгер. Үлгіні түсінікті етіп сызуды 
ғана емес, матаның түстерінің бір-біріне сай келуін де шебер меңгеру аса 
маңызды.
•Киім тігіп үйрен! Киімді нақты бір адамға өлшеп-пішіп тік. Әр адам-
ның дене бітіміне қарай, жарасымды әрі сәнді етіп тігу – басты талап.
• Матаның түрлерін, бір-бірімен үйлесетін-үйлеспейтінін ажырата 
біл. Мысалы, шыт матадан тойға киетін көйлек тіге алмайтының секілді, 
жібектен қара жұмысқа киетін киім тіге алмайсың. Қандай да бір үлгіні 
ойластырған уақытта оны қандай матадан, қай түстен тігетініңді де ой-
ластырып қой.
• Мүмкіндігінше, кәсіби білім алған жөн. Ең болмаса, дизайнерлер 
курсынан өткен дұрыс. Бұл сән әлеміндегі негізгі заңдылықтар мен ма-
тамен жұмыс істеуді үйрену үшін қажет.
• Сән әлеміндегі соңғы жаңалықтарды қалт жіберме. Арнайы веб-
сайттарды үнемі қарап отыр, журналдарды оқы. Мүмкіндігінше, биылғы, 
келер жылғы сәнді киімдердің үлгісін ойластыр. Сондай-ақ он жылдан 
кейін қандай киім сәнде болатынын да болжап көргеннің артығы жоқ.
• Өзің сызған ең жақсы киім үлгілерін немесе олардың суреттерін 
жина. Бұл – өзіңнің жетістігіңді көрсетуде таптырмайтын тәсіл. Ауызбен 
айтқаннан гөрі көзбен көргеннің әсері де басқаша болатынын ұмытпаған 
жөн. 
(Құралай Нұрқаділова)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет