51
3–4-сабақ
ҒАРЫШТЫ ЗЕРТТЕГЕН АСТРОНОМДАР
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Астрономдар нені зерттейді?
Ежелгі астрономдар туралы не білесің?
Қазіргі ғарыш әлемі туралы қандай жаңалықтар біле сің?
2-тапсырма. Мәтінді
мұғалімнің оқуында тыңдап, төмендегі сұрақтарға
сәйкес өз ойыңды жалғастыр.
Сөз тіркестерін тауып айт.
Галилео Галилей
1609 жылы Галилео Галилей (1564–1642)
тұңғыш рет телескоп-
ты аспанға бағыттап, Коперниктің ілімін көрнекі түрде
дәлелдейтін
жаңалық ашты. Ол Ай бетінен тауларды көрді. Юпи тердің төрт серігін
ашты. Юпитер серіктерінің айнала қозғалуы аспан денелерінің қозғалыс
кіндігі Жер болуы мүмкін деген қате түсінікті жоққа шығарды.
Шолпанның да Ай сияқты өз фазасын өзгертетінін байқады. Шолпан
көрінісі өзгерістерінің
ерекшелігін зерттей келе, Галилей «ол Жерді
ғана емес, Күнді де айнала қозғалады» деген дұ рыс тұжырым жасады.
«Аспан тазалығын» көрсететін Күн беті нен
Галилей дақтарды көрді,
оларды бақылай жүріп, Күн нің өз осінен айналатынын, «Құс жолы» –
жай көзбен ажы ратуға келмейтін сан түрлі көмескі жұлдыздар екенін
анықтады.
Галилео Галилей – астрономияға теңдессіз үлес қосқан итальян фило-
софы, астрономы және математигі. Өз өмірі барысында Галилео бірнеше
құрал жасап, солармен көптеген жаңалық ашты. Оның астрономияға
қосқан үлесі: Айды картаға түсіруі, Күн
дақтарын ашуы, Юпитердің
төрт үлкен
серігін ашуы, Сатурн сақиналары мен Шолпан кезеңдерін
бақылауы.
(«Ғалам» энциклопедиясынан)
Достарыңызбен бөлісу: