Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет52/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   98
 
5-тапсырмаМәтінді оқы. Мәтін мазмұнына сәй кес бірне ше сұрақ құрастыр. 
Әңгімелеу, сипаттау арқылы тақырыпты талда.
 Сөйлем мүшелеріне сұрақ 
қой.
«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республи касы аума-
ғында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен 
өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Ол 1978 жылдан 
бастап шыға ры ла бастады. Сол жылы омыртқалы жануарларға арнал ған 
бірінші бөлімі жеке кітап болып жарық көрді. «Қазақ станның Қызыл 
кітабының» жануарларға арналған бірін ші басылымында омыртқалы 
жануарлардың – 87 түрі, соның ішінде, балықтың – 4, қосмекенділер-
дің – 1, бауырымен жорғалаушылардың – 8, құстардың – 43, сүтқо-
ректі лер дің 31 түрі тіркелді. 
Кітаптың екінші басылымына омырт қалы 
жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары 
тіркелді. Онда ба лық тардың – 16, қосмекенділер-
дің – 3, бауырымен жорғалаушылардың – 10, 
құс тардың – 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр 
тармақтары туралы мәлімет бе рілген. «Қазақ-
станның Қызыл кіта бы ның» екінші басылымын-
да алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 
түрі берілді, онда жәндіктердің – 96, ша янтә-
різділердің – 1, ұлулардың – 6, құрттардың 2 түрі 
туралы деректер тіркелген.
«Қазақстанның Қызыл кітабының» үшінші 
басылымы қайта өңделіп, толықтырылып, қазақ 
тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы – «Жануарлар», 
оның бірінші бөлімі «Омыртқалылар» деп аталды. Онда омыртқалы 
жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.
(Баспасөз материалдарынан)
 
6-тапсырма. Екі топқа бөлініп, төмендегі суреттерде бейнеленген жан-
уарлар туралы мәліметтерді жинап, зерттеу жобасын дайындаңдар. Зерт-
теу жобасында өзектілік, мәселе және оның шешу жолдарын көрсетіңдер. 
Сөйлем мүшелерінің астын сызыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет