Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет48/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98
 
4-тапсырмаСөйлем мүшелерін тауып, мәтінге тақырып қой.
Экология ғылымы адам мен табиғаттың, қоршаған ортаның, жануар-
лар мен өсімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйле-
сімді дамуы мен сақталуын зерттейді. Ол биология, география, жара-
тылыстану, химия, физика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. 
Оның биоэкология, геоэкология, әлеуметтік экология, инженерлік эко-
логия, медициналық экология сияқты салалары бар. Олардың басты 
мақсаты – табиғат пен жануарларды қорғау. 
Арал – Қазақстандағы Каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл. 
Ол өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап тартылып, экологиялық 
қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстанда Сырдария өзенінің 
сағасын реттеу мен Арал теңізін қалпына келтіруге арналған арнайы 
жоба жасалып, Солтүстік Арал теңізі сақталып қалды. Бұл – табиғатты 
қорғаудың үлгісі.
Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың 
бірі – құлан. Кеңес заманында олардың саны күрт кеміп, жойылуға 
аз-ақ қалды. Қазақстанда құландарды сақтап қалудың арнайы жоба-
сы аясында олар «Алтынемел» табиғи қорығына жеткізіліп, мемлекет 
қамқорлығына алынды. Соның нәтижесінде олардың саны қазір 3000-
нан асты. Бұл – жануарларды қорғаудың үлгісі. 
Табиғат – біздің досымыз. Оны қорғау – әркімнің абзал борышы.
5-тапсырма. Мәтінді оқып, болжам жасаңдар. Аңдардың азайып кету себебін 
қазіргі күннің мәселесі ретінде түсіндіріңдер. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін 
тауып, сұрақ қойып айтыңдар. Мәтінге сәйкес кестені толтырыңдар. 
тауыш 
кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз 
топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бас-
тауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады. М ы с а л ы: 
Бәйге 
бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз (Ғ. Мұст.). Атау 
септігінде тұрып заттанған басқа сөз таптары да (сын есім, зат есім, етістік, 
есімше, тұйық етістік т.б.) бастауыш қызметін атқарады.
Баяндауыш – сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын, іс-
әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше 
(1-2-жақтарда) түрде қиы са байланысып қолданылатын тұрлаулы мүше. 
Баян дауыш 
не істеді? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. 
Кейде сөйлемде бастауыш жасырын тұрады, ал оның қай сөз екенін 
баяндауыштан анықтауға болады.
5–3505
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет