Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8


–4-сабақ «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН ЖАНУАРЛАР



Pdf көрінісі
бет51/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
3–4-сабақ
«ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН ЖАНУАРЛАР 
 
1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап бер. 
 «Қызыл кітап» деген не? 
 Ол туралы не білесің? 
 
2-тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңдап, өзің білетін мәлімет термен то-
лықтырып жалғастыр. Сөйлем мүшелерін талдап айт.
 
3-тапсырма. Тыңдалған мәтіннен ең қажетті ақпараттарды 
бөліп қарастыр. 
Ғылыми деректерді орынды қолданып, сұрақтарға жауап бер.
 
1. Қазақстанның географиялық ерекшеліктері туралы не білесің? 
2. Дала жануарларының қандай түрлерін атап бере ала сың?
3. Өздерің тұратын елді мекенде қандай жануарлар бар?
 
4-тапсырма. Мәтінді оқып, «Қызыл кітап» деп неге атаған?», «Неге 
қызыл түс?» деген сұрақтар арқылы талқылап, диалог құрыңдар. Сөйлем 
мүшелерін табыңдар.
 
«Қызыл кітап» деген сөз тіркесі ғылымға 1966 жылы енді. Мұндағы 
«қызыл» деген сөз «қауіп төніп тұр» дегенді адамзат баласына ескертеді. 
«Қызыл кітаптарда» жер бетінде жойылып кету қаупі төнген және сирек 
кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері тіркеліп, ондай түрлерді 
сақтап қалудың және қорғаудың қажеттігі ерекше атап көрсетіледі. Әрбір 
«Қызыл кітап» шығарылу дәрежесіне сәйкес ең қажетті мемлекеттік 
құжат болып табылады. 
Аталмыш кітапты шығару туралы пікірді алғаш ұсынған ағылшын 
ғалымы Питер Скотт болатын. Халықаралық «Қызыл кітап» халықаралық 
деңгейдегі құжат болып саналады. Бүгінгі таңда «Қызыл кітаптардың»
бірнеше нұсқасы жарық көрген. Олар Халықаралық Табиғат Қорғау
одағының (IUCN) «Қызыл кітабы», әрбір мемлекеттің (республиканың) 
«Қызыл кітаптары» және жергілікті аймақтың «Қызыл кітаптары» деп 
аталады. Халықаралық «Қызыл кітапқа» тіркелген өсімдік немесе 
жануар түрлері халықаралық жіктеу бойынша жойылу қаупі төнген 
түрлер, саны күрт азайып бара жатқан түрлер, сирек кездесетін түрлер, 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


69
толық зерттелмеген түрлер және қалпына келтірілген түрлер деп бес 
санатқа бөлініп көрсетіледі. 
(Рысбай Сәтімбеков)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет