Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет79/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98
Жай сөйлемнің түрлері
Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем 
Сұраулы сөйлем
Бір нәрсе жайында 
хабарлау мақсатында 
айтылған сөйлем 
хабарлы сөйлем деп 
аталады.
Көтеріңкі көңіл 
күймен айтылған 
сөйлем 
лепті сөйлем 
деп аталады.
Бір нәрсе жайлы сұрау 
мақсатында айтылған 
сөйлем с
ұраулы 
сөйлем деп аталады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


104
баян далған. Театр жеке-дара өнер, өнер ордасы бо лып Ежелгі Грекияда 
қалыптасты. Сахналық өнердің комедия және трагедия жанрлары да 
сол дәуірден бастау алады. Эллада елінің әртістері қолданған маскалар 
театр символына айналды.
Театр – ойын-сауық орны. Қазақ театры өнері де ертеден келе жатқан 
салт-дәстүрімізге негізделеді. Үйлену салты, қыз ұзату, шілдехана то-
йына байланысты өтетін ойын-са уықтар, ақындар айтысы т.б. салт-дәс-
түрлеріміз театр өне рінің алғашқы көріністері болып есептеледі. Театр 
алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек 
Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин
Шара Жиенқұлова және т.б. өнер тарландары қызмет етті. 
(«Театр әлемі» кітабынан)
 
3-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріп, жай сөйлем түрлерін қатыстырып, 
театр туралы ой бөлісіңдер.
1. «Театр киімілгіштен басталады» деген қанатты сөздің мағынасын 
қалай түсінесің?
2. Бүгінгі қазақ театры туралы қандай ақпарат білесің?
3. Театр өнері туралы не білесің?
4. Театр мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
 
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
1. А. Әшімов – Жамбыл және Шымкент университет тері нің ... про-
фессоры. 2. Театр өнерінде айрықша еңбегімен ... бір топ актер «Алғыс 
хатпен» марапатталды. 3. Олар дың қатарында М. Әуезов театрының та-
лантты актері, Қазақ станның еңбек сіңірген ... Дулыға Ақмолда да бар. 
4. Талантты жас актер Еркебұлан Дайыров ... туралы кинода басты рөлде 
ойнады. 5. Өнер ... шабыттандырады. 6. Өнерге ... бар таласы.
Қажетті сөздер: талантты, әркімнің-ақ, құрметті, көзге түскен, 
актері, Бауыржан Момышұлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет