6-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, «Жеті жарғы» туралы Ә. Марғұланның
пікіріне мән беріп, талқылаңдар. Қарамен берілген жайылма сөйлемді
жалаң сөйлемге айналдырыңдар.
Жеті жарғы
…Қазақ ғалымдарының ішінде «Жеті жарғы» туралы алғашқы пікір
білдіргендердің бірі – академик Ә.Х. Марғұлан. Ол «Жеті жарғыны» –
жеті жарғыш, жеті, яғни жеті әділ, қара қылды қақ жарған билердің
Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы
қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем
жақты сөйлем деп ата-
лады.
Жақты сөйлемнің негізгі белгілері:
1) Баяндауышы бастауышпен жақ жағынан қиыса байланысады. М ы -
с а л ы:
Бұл кезде тоғай да кемеліне ке ліп толықсып тұрады.
2) Жақты сөйлемнің бастауышы сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да,
оның қай сөз екені айқын болып тұрады. Мысалы:
Бір кезде қасқа атты
қалт тоқ татып, артына бұрылды. Былтыр жазда демалыс алып,
ауылға бардым. Бірінші сөйлемде бастауыш ашық айтыл ма ғанмен, баян-
дауышына қарап,
ол екенін, ал екінші сөйлемде мен деген жіктеу есімдігі
екенін тауып алуға бо лады. Сонымен жақты сөйлемде бастауыш ашық
тұрады. Бастауыш қатыспайтын, бастауышты баяндауыш арқылы тауып
алуға болмайтын сөйлем
жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: Менің
Тортайдың қасынан кеткім келмеді.
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары:
Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болып келеді:
1. Баяндауышы
-қы, -ғы, -кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен бола-
ды:
Абайдың ұғына түскісі келеді.
2. Барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен соң,
бол, тура, кел деген
көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады:
Енді сізге айтуға тура
келеді (Ғ. Мұст.).
3. Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң,
керек, жөн,
мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады: Біздің
ашық сөйлесуіміз керек (Б. Бұлқ.).
4.
Баяндауышы -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеден кейін бол деген
көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады:
Нені ай-
тып отырғанын түсініп болмайды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
100
Достарыңызбен бөлісу: |