Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет81/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98
8-тапсырмаЖай сөйлем түрлерін қатыстырып, театр өнері мен мәдениеті 
туралы таныстырылым жаса.
 
9-тапсырма. «Менің сүйікті қойылымым» тақырыбында эссе жаз. Эсседе 
жай сөйлем түрлерін қолдан.
3–4-сабақ
ҚАЗАҚТЫҢ КӘСІБИ ТЕАТР ӨНЕРІ 
 
1-тапсырма. Жай сөйлем түрлерін қатыстырып, сұрақтарға жауап жаз. 
 Абай атындағы опера және балет театры қашан ашылды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


106
 Бүгінгі қазақ театры туралы қандай ақпарат білесің?
 Қазақ мәдениетіндегі тарихи өнер қайраткерлері туралы қандай 
мәлімет білесің?
 Қазақты әлемге танытқан тұлғалар туралы не біле сің?
 
2-тапсырма. Театр туралы ой бөлісіңдер. Жақты, жақсыз, толымды, то-
лымсыз, атаулы сөйлемдердің болуын қадағала.
 
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жазбаша жауап жаз
. Сөйлем түрлеріне 
ажырат.
1. Драматургиялық шығарма туралы не білесің?
2. Достарыңмен театрға жиі барасың ба?
3. Саған опера ұнай ма?
4. Астана қаласында қай театрға баруға кеңес берер едің?
5. Қазақ театры туралы қандай ақпарат білесің?
 
4-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды айқындап тұрған сөйлемді тауып жаз. 
Сөйлемдерден матаса, меңгеріле, қабыса байланысқан сөз тіркесін тап.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық
драма театры
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры – Алма-
тыдағы ірі қазақ театрларының бірі. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


107
Қызылордада 1926 жылы 13 қаңтарда М. Әуе зовтің «Еңлік–Кебек» 
пьесасымен және халық өнер паз дары қатысқан концертпен тұңғыш рет 
театр шымылдығы ашылды.
Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық 
пен халық шығармашылығының танымал ше берлері – И. Байзақов,
Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмір зақов, Ж. Шанин, Қ. Қуанышбаев, 
Қ. Жандарбеков, Қ. Ба дыров, Қ. Мұңайтпасов т.б. ойнады. 1929 жылы 
театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы 27 ақпанда 
академиялық театр атағын алды. Театр 20 жылдығына орай 1946 жылы 
Еңбек Қызыл ту, ал 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар 
достығы ордендерімен мара патталды. 
Театрға 1961 жылы жазушы, драматург М.О. Әуезовтің есімі берілді.
Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриот тық, отан-
шылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақ ты жырлана-
тын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен 
мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы 
шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтің «Абай», «Еңлік–Ке-
бек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спек такльдері 
ерекше шығармашылық табыс болды.
Театр ұжымы өз еліміздің алыс аймақтарына, Оңтүстік Қазақстан, 
Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Се-
мей, Қарағанды, Өскемен қалаларына, Омбы қаласына (Ресей Федераци-
ясы) қойылымдарымен барып қайтты.
(Ұлттық энциклопедиядан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет