116
8-тапсырма. «Туризм» ұғымына энциклопедияда, түсіндірме
сөздікте
берілген анықтамаларды жинақтап, сөздік (глоссарий)
құрастырып жаз
.
9-тапсырма. Төмендегі қосымша мәліметтер бойынша түйіндеме (аннота-
ция) түрінде айқындауыш мүшелер қатысқан үш сөй лем құрастырып жаз
.
1.
Келу туризмi – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхаты.
2.
Шығу туризмi – Қазақстан Республикасының азамат тары мен
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
адамдардың басқа елге
саяхаты.
3.
Ішкi туризм – Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның
аумағында тұрақты тұратын адамдардың
Қазақстан Республикасының
шегiндегi саяхаты.
10-тапсырма. Өзіңнің қай жерге туристік сапармен барғаныңды әңгімелеп,
сыныптасыңмен диалог құр
. Интонация компоненттерінің сақталуына, ты-
ныс белгілеріне мән бер.
11-тапсырма. Қазақстандағы туризм саласын дамыту бойынша мақала
жаз. Мақала жазу барысында тыныс белгілердің қабаттаса қолданылуын
пайдалан.
12-тапсырма. Бұқаралық ақпарат құралдарынан, ғаламтордан, мақала, де-
ректерден қазіргі туризм туралы ақпарат жина. Жинаған ақпа раттарыңа
сәйкес сұрақтар құрастыр.
Оларды салыстырып, ой бөліс өткізіңдер
.
Ой бөліске қойылатын талаптар:
Тақырыптан ауытқымау.
Уақыттан асырмау.
Сөз әдебін ұстану.
Тіл сауаттылығына мән беру.
Фразеологиялық тіркестерді қолдану.
Өзіндік көзқарасыңды дәлелді жеткізу.
Ақпараттардың шынайылығын сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: