Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


се тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге  алып келеді. Қорытынды



Pdf көрінісі
бет135/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   309
Макроэкономика

194
се тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге 
алып келеді.
Қорытынды
1. IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – эконо-
миканың нақты жəне ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер 
нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-
теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар жəне ақша нарықтарында бір 
мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен 
нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға 
мүмкіндік береді.
2. IS қисығы – игіліктер нарығындағы тепе-теңдікті көрсететін үлгі. 
Ол теріс көлбеулі болып табылады, өйткені пайыздық қойылымның 
төмендеуі инвестиция көлемін арттырады.
3. IS қисығының жатыңқы болу себептері мыналарға байланысты:
• инвестиция мен таза экспорттың пайыздық қойылымға деген се-
зімталдылығының аса жоғары болуы;
• тұтынуға деген шекті бейімділіктің жоғары болуы;
• салық салудың шекті мөлшерлемесінің төмен болуы;
• импорттауға деген шекті бейімділіктің төмен болуы.
4. LM қисығы – ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсететін үлгі. 
LM қисығының жатыңқы болу себептері:
• ақшаға деген сұраныстың пайыздық қойылымның қарқы нына де-
ген сезімталдылығының жоғары болуы;
• ақшаға деген сұраныстың ЖІӨ қарқынына деген сезім талды-
лығының төмен болуы.
5. IS жəне LM қисықтары белгілі бір факторлардың өзгеруі салда-
рынан оңға немесе солға жылжиды. 
6. IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
7. IS-LM үлгісі ақша-несие жəне бюджет-салық саясаттарының 
қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа əсер етуін талдау үшін 
қолданылады.
8. Ынталандырушы бюджет-салық саясатының нəтижесінде бір 
жағынан, жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екінші жағынан, 
ығыстыру əсерінің салдарынан өнім көлемі азаяды.
9. Бюджет-салық жəне ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз 
мөлшерлемесін өзгертпей, өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім 
көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді.
10. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік дең гейіне 
сəйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет