Экономикалық өсудің дағдарысы – əлемдік тəжірибеде
нақты
жалпы ішкі өнім көлемінің қатарынан үш жыл бойы жалғасқан 9%-ға
дерлік төмендеу көрсеткіші.
Экономикалық өсу қарқыны – пайыздық көрсеткішпен əдетте бір
жылға есептелетін нақты ЖІӨ-нің өсім қарқынының көрсеткіші.
Экономикалық өсудің сапасы – халықтың материалдық жағдай-
ларын жақсарту, əлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму деңгейін
арттыру, адам капиталына инвестиция құюды күшейту,
адамдардың
өмір сүру деңгейі мен еңбек жағдайларының қауіпсіздігін сақтау, толық
жұ мысбастылықты қамтамасыз ету жəне халықты əлеуметтік қорғауды
күшейту сияқты маңызды көрсеткіштер арқылы сипатталатын ел эконо-
микасы дамуының əлеуметтік бағыттылығы.
Экономикалық өсудің тиімділігі – тауарлар мен қызметтердің са-
пасын жақсарту, олардың бəсекелік қабілеттілігін көтеру, өнімнің жаңа
түрлерін жасау, өндірістің
мамандандырылуын тереңдету,
инновация-
лар мен жаңа технологияларды игеру сияқты экономикалық қызметтің
əртүрлі бағыттарын қамтитын кең мағыналы ұғым.
Экспорт – тауарларды сыртқы нарықтарда өткізу үшін
сыртқа
шығару, сондай-ақ, шетелдерде шығарылған тауарларды кері экспорт-
тау.
Экспорттық квота – экспорттық тауарлар
көлемін сан жағынан
шектейтін əдіс. Экспорттық квота ел экономикасы үшін
экспорттың
алатын рөлін көрсету үшін қолданылады.
Экспорттық субсидиялар – үкіметтің
экспорттық тауар
өндірушілерге көрсететін қаржылық көмектері.
Экспорттық тариф – экспортқа шығарылатын отандық тауарларды
мемлекеттік реттеу үшін қолданылатын салықтың бір түрі.