214
53,7 мың адамды құрады, бұл 2010 жылғы осы кезеңге қараған-
да 22,7 мың адамға немесе 29,7%-ға аз. Экономикалық тұрғы-
дан белсенді халық санындағы
тіркелген жұмыссыздардың
үлесі 0,6% (2010 жылғы наурызда – 0,9%) болды.
Қорытынды
1. Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін сату жəне сатып алумен бай-
ланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға
айырбас тау механизмі орындалатын нарық.
2. Еңбек нарығында жұмыс күшіне жəне еңбек қызметтеріне сұраныс
пен ұсыныс жəне оған деген баға қалыптасады.
Еңбек нарығының
негізгі субъектілері ретінде кəсіпкерлер, ірі монополистер, шағын жəне
орта бизнесмендер, мемлекет, жекелеген жұмыскерлер жəне
олардың
ассоциациялары (кəсіподақтар) қарастырылады. Еңбек нарығында
қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы құны бо-
лып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипатталады.
Еңбек
нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің арақатынасына,
яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің
нарықтық ұсынысына тəуелді болып табылады.
3. Еңбек нарығының экономикалық жəне əлеуметтік деген екі негізгі
қызметі бар. Экономикалық қызметі еңбекке қабілетті халықтың ұдайы
өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз етуден көрінеді, ал əлеуметтік
қызметі жұмыскерлердің жəне олардың отбасыларының өмір сүру сапа-
сының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен сипатталады.
4. Жұмыс күші – адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың
игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық жəне ой қабілеттіліктерінің
жиын тығы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған
мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі.
5. Жұмыссыздық – еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан
артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың
жұмыс таба алмауы немесе
жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда
экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың
жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс
таппай қалады.
6. Толық жұмысбастылық – жұмыс күшінің жалпы санында 5,5%
жəне 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін
сақтап
тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын
алады. Бұл көрсеткіштер əр елде əртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық
215
жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға бол-
майды.
7. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – əлеуетті ЖІӨ-ге сəйкес
келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұ-
мыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық жəне құры-
лымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.
8. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай бағыттарын
атауға болады: еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын артты-
руды ынталандыру жəне мемлекеттік
секторда жұмыс орындарының
санын ұлғайту бойынша бағдарламалар; жұмыскерлерді даярлау жəне
қайта даярлау бойынша бағдарламалар; жұмыскерлерді жалдауға
қолдау
көрсету бойынша бағдарламалар; жұмыссыздықты əлеуметтік
сақтандыру бойынша бағдарламалар (жұмыссыздық бойынша жəр-
демақылар).
Достарыңызбен бөлісу: