Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет147/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   309
Макроэкономика

Еңбек биржасы – бұл жұмыс күшін сату жəне сатып алу-
ды жүзеге асыратын жұмыскерлер мен кəсіпкерлер арасында 
делдалдық қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады. 
Бұлар жұмыссыздықты түгел жоя алмаса да, жұмысқа орналас- 
тыру жəне жұмыскерлерді жалдау үрдісінің дұрыс ұйымдас-
тырылуына жəне тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Сонымен, бұл жердегі мемлекеттің рөлі толық, тиімді жəне 
еркін жұмысбастылықты қамтамасыз етуге көмек беру үшін 
оңтайлы саясатты жүзеге асыру шараларынан көрінеді.


211
Елбасының тікелей тапсырмасымен қазіргі уақытта елімізде 
еңбек нарығын реттеудің жəне жұмыссыздықты жоюдың жаңа 
бағыттары қалыптасып іске асырылу үстінде. Жаңа қабылданған 
«Жұмыспен қамту-2020» Мемлекеттік бағдарламасы жəне елді 
индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс 
орны құрылатын болады. 
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы үш бағытты 
қамтиды:
1. Кəсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыруды қолға 
алу; 
2. Жеке ісін бастаушыға ең алдымен ауылда ұйымдастыруға 
жəрдемдесу;
3. Тұратын жерінде жұмыс, не бизнес жасауға мүмкіндік 
бол маған жағдайда осы бағдарлама бойынша дамыған өңірге 
баруға мүмкіндік беру.
Сондай-ақ, осы бағдарлама аясына «Дипломмен - ауылға» 
бағдарламасын да кіріктіріп, оны сəтті түрде жүзеге асыру назар-
дан тыс қалмайтын болады. 
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ресми мə-
ліметтері бойынша еңбек нарығының қазіргі экономикалық жағ-
дайы туралы бірқатар мəліметтерді қосымша беруге болады. 
2011 жылғы I-тоқсанда 15 жəне одан жоғары жастағы эко-
номикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды 
құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,6%-ға көп. 
Республика экономикасында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтыл-
ды немесе 15 жəне одан жоғары жастағы халықтың 67,2%. Өткен 
жылғы I-тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 105,2 мың 
адамға (1,3%-ға) артты.
Жұмыспен қамтылғандардың құрамындағы жалдамалы жұ -
мысшылардың пайыздық үлесі 67,2% болды, ал өздігінен қам-
тылғандар (самозанятые) 32,8%-ды құрады. Жалданып жұ-
мыс істейтіндердің негізгі үлесі мемлекеттік жəне мемлекеттік 
емес ұйымдарда жұмыспен қамтылды – 81,7% (4,5 млн. адам). 
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,7 млн. адамды құ-
рады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі өз 
қызметін ауыл шаруашылығында (62,1%), сондай-ақ, сауда сала-
сында (22,6%), көлік қызметін көрсетуде (4,9%) жəне құрылыста 
(4,0%) жүзеге асырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет