Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет36/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   309
Макроэкономика

Негізгі түсініктер: жиынтық сұраныс; жиынтық сұраныс-
тың құрауыштары; жиынтық шығындар; тұтыну шығындары
инвестициялық сұраныс; мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге 
деген сұранысы; сыртқы əлемнің таза сұранысы – таза экспорт; 
жиынтық сұраныс функциясы; Кейнс əсері (пайыз мөл шер-
лемесінің əсері); байлық əсері (Пигу əсері); импорттық сатып 
алымдар əсері; жиынтық сұраныстың факторлары; жиынтық 
ұсыныс; жиынтық ұсыныс функциясы; қысқа мерзімдік кейнстік 
жиынтық ұсыныстың қисығы; аралық жиынтық ұсыныс қисы-
ғы; ұзақ мерзімдік классикалық жиынтық ұсыныстың қисығы
макроэ кономикалық тепе-теңдік; сілкіністер; жағымды жəне жа-
ғымсыз сілкіністер; жиынтық сұраныстың сілкіністері; жиын-
тық ұсыныстың сілкіністері; сұраныс инфляциясы; ұсыныс (шы-
ғындар) инфляциясы; «тегеріш» (храповик) əсері; тұрақ тан дыру 
саясаты.
Тақырыптың мазмұны. 
Макроэкономикада «АD-АS» үлгісі шығарылым көлемі мен 
баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен 


56
салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық үлгі бо-
лып табылады. Бұл үлгінің көмегімен мемлекеттің экономикалық 
саясатының əртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады.
Жиынтық сұраныс (AD) – бұл макроэкономикалық субъек-
тілердің белгілі бір уақыт кезеңінде (əдетте, 1 жыл ішінде) 
өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шы-
ғындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъ-
ектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шыға-
рылым көлемінің экономикадағы бағасының жалпы деңгейімен 
өзара байланысын сипаттайды.
АD (ағылшын тілінен, aggregate demand) екі жағдайда – жа-
бық жəне ашық экономика тұрғысынан қарастырылады.
Жабық экономикалық жүйеде сыртқы ортамен ешқандай бай-
ланыс болмайды. Сондықтан АD тек ұлттық сатып алушылардың 
ғана берілген баға деңгейінде сатып алғылары келетін жəне са-
тып алуға мүмкіндіктері бар соңғы тауарлар мен қызметтерінің 
жиынтық көлемі ретінде қарастырылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет