69
үрдісі өте ұзаққа созылады, сол себепті экономиканың ұзақ құл-
дыраушылығы мен жұмысбастылықтың қысқаруы əлеуметтік
қақтығыстарды шиеленістіріп жіберуі мүмкін.
Сондықтан Орталық банк ақша ұсынысын арттыру арқылы
дағдарыстың алдын ала алады (жиынтық
сұраныс қисығының
AD
1
- ден AD
2
-ге оңға жылжуы), бірақ
сілкіністің салдарынан
өскен бағаның жоғары деңгейі сақталып, тепе-теңдік нүктесі В
нүктесінен С нүктесіне өтеді. Нəтижесінде өндірістің нақты кө-
лемі мен жұмысбастылық ұлғайып, бұрынғы əлеуетті деңгейі не
сəйкес келеді. Тура осындай нəтижеге үкіметтің мемлекеттік шы-
ғындарды арттыруы немесе салықтарды төмендетуі арқылы да
қол жеткізуге болады.
Сонымен, мемлекеттің экономикалық тұрақтандыру саясаты
мынадай белгілі дилеммаға тап болады:
ұзақ мерзімдік құлды-
рау мен жұмыссыздықты болдыру немесе өндіріс көлемі мен
жұмысбастылық деңгейін қалпынша
ұстап тұрып бағалардың
өсуіне жол беру.
Достарыңызбен бөлісу: