[
280
]
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ ЖЫРАУЫ
Қазақ поэзиясында жырау, жыршы, ақын деген үш атау
та
лант иелерінің үш сипатын, әдебиетіміздің әр дәуіріне
сәйкес үш түрін, дәлірек айтқанда үш кезеңін көрсетеді.
Бұ
лар – импровизаторлық өнердің ғана үш өкілі емес, со
нымен
қатар ауыз әдебиетінің өмірді, ел тағдырын, қоғам
тіршілігін бейнелейтін үш тәсілдің иелері десе де болады.
Жы рау – қазақ мемлекетінің бас идеологі ретінде толғанса,
жыршы елдің ерлерін негізгі тақырыпқа айналдырады,
ал ақын адамның тіршілігі мен сезімін суреттейді. Демек,
үшеуі – сөз өнеріміздің ауызша түрінен жазбашаға қарай да
муындағы үш саты. Сол себепті бұл үш өнер бір кісінің бо
йынан табыла бермейді, ол
тек ілуде бір, ұлы таланттар
да ғана кездеседі. Сондай адамдардың бірі, бірі ғана емес,
бі ре гейі – Жамбыл. Жәкең өзін әрі жырау, әрі жыршы, әрі
ақын ретінде сезініп, өлеңжырларында соны ашық айтып оты
рады.
Шын жүректен жыр төгіп,
Сөйлеп бір кетті жырауың, –
десе, енді бірде:
Нені естісек, соны айту –
Ежелден ісі жыршының, –
дейді. Сонымен қатар:
...Жамбыл ақын сөйлеген
Сөзді бекер демеңдер, –
деп тағы қояды.
Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең
екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі,
шындап келгенде, екі ғасырға тең еді. Өйткені Жамбыл та
рихта сирек кездесетін, мүлде қарамақарсы екі заманды
көрді,
қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі тепетең,
[
281
]
жақсылығы мен жамандығы қатарлас екі дәуірді бастан
кешті. Ол Қазақ хандығының жойылғанын, елінің отарлыққа
түскенін, қазақ даласына Ресейдің әкімшілотаршыл бас
қару жүйесін орнатқанын, сонымен қатар көрші жатқан Қо
қан хандығы мен қырғыз манаптарының қазақ ауылына жа
саған жаугершілігін көрді. Бұлар ғана емес – Жамбылдың
көргені. Ол өз жеріне орыс
казактары мен шаруаларының
қо ныстанып, жергілікті мал баққан қазақ жұртының шөлді
аймаққа қуылғанының куәсі болды. Қазақстанда совет
өкіметінің орнауы, ақ пен қызылдардың соғысы, атаман
дар мен комиссарлардың лаңы, конфискалаудың зорлықпен
жүзеге асқаны, ең ақыры, «халық жауларының»
ұсталуы
мен жазалануы – бәрібәрі оның көз алдында өтті. Сол
себепті Жамбылдың «Кең жатқан байтақұлан шежіремін,
тарихтың домбырасын қолына алған» деп айтуы тегін емес.
Осы көргені мен білгенінің бәрін Жәкең өз поэзиясына арқау
еткен, оны бірде жырау болып, бірде жыршы ретінде, бірде
ақын
болып жырлаған, толғаған, суреттеген.
Жамбылдың майталман ақын болып қалыптасуы тек Же
тісу ақындық мектебінің ауқымында болған жоқ. Ол өзі
не дейін ертеде өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен
қатарлас айтулы ақындар мен жыршылардың мұрасын,
күл лі халық поззиясын толық меңгерген, игерген, өз шығар
машылығына өзек еткен.
Достарыңызбен бөлісу: