[
285
]
Елде жүрген егейлер
Қалада құр үйілдің.
Ұлық көрсең ұйлығып,
Желді күнгі қамыстай,
Жапырылып иілдің...
Ал Абай мынандай сурет береді:
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың
Шенді шекпен жапқанға...
Міне, олар елдің «игі жақсы» – деп жүргендерінің сиқы осы.
Олар – орыс шенеунігіне жағынып, ұлықтан қорқып жүрген
әлсіз, бейшара жандар. Ояз алдындағы олардың аянышты
халі Абайды да, Жамбылды да мұңайтады, ызаландырады.
Ақындар болыстардың мұндай мүшкілдігіне «бек қорланады»,
«күйінеді», «намыстанады».
Осы
шыншылдық, әрі сыншылдық қасиетін Жамбыл
ақын
дармен айтысқан шақта да сақтап, турашылдығымен
кө
рі
неді. Жамбылды нағыз ақын ретінде елге танытқан,
оның есімін бүкіл Жетісуға,
Қырғызстанға, Сыр бойына
тарат қан нәрсе – оның сол тұстағы дүлдүл ақындармен айтыс
тары. Ақындармен айтыс Жамбылдың импровизаторлық өне
рін шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық
өресін өсірді және оның тақырып аясын кеңейтті. Үлкен
айтысқа түскенге шейін ауыл ақыны ретінде ғана көрініп,
көбінесе тойтомалақтарда
өлең айтып, немесе нақты бір
оқиғаға қатысты, яки болмаса белгілі бір адамға арнап өлең
шығарып жүрген Жамбыл енді ақындықтың жаңа сүрлеуіне
түседі, сөйтіп сапалық өсудің жолына бет бұрады. Оның ай
тыстарында қыз бен жігіттін қайым айтысы да, түре айтыс
та, сүре айтыс та кездеседі. Осының қайқайсысында бол
са да Жамбыл өзінің нағыз көркем де кестелі сөздің шебері
екенін көрсетеді. Ол қарсылас
ақынға өз ойын айшықты
да ұшқыр, ұтымды да өрнекті сөздермен жеткізеді. Сол заман
ның айтыстарына тән барлық әдісті Жамбыл да пайдала
[
286
]
нады: қарсыласын ащы мысқылдау, оны өлеңмен тұқырту,
тіпті жеке басына да сөз келтіру, оның мақтаған адамдарын
жамандау, руын даттау... Қажетті
жерінде Жамбыл өз руын да
мақтап айтады, оны қарсыласының руына қарсы қояды:
Шапырашты – мен едім,
Қалың Дулат – сен едің.
Аз да болсам әуелі
Ширегіме келмедің.
Бір қадалған жерімнен
Қан алмай кетер демегін.
Достарыңызбен бөлісу: