[
282
]
Шернияз бен Шортанбай,
Досқожа мен Нысанбай,
Дулат пенен Сүйінбай
Сөздері жел құйындай,
Өтті еңіреп олар да! –
деп, Жамбыл аты аталған жыраулар мен ақындарды, олардың
мұрасын
жақсы білетінін, сөйтіп өз шығармашылығының
қайнар көзі – қазақ халқының ежелден келе жатқан фолькло
ры, әдебиеті мен мәдениеті екенін білдіреді.
Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де мә де
ниетін бойына сіңірген. Қырғыз жомоқшылары мен манас
шылары арасында оның достары көп болған, олармен бірге
қырғыз жұртын көп аралаған, айылдарда өлең айтып, жыр
толғаған, күй тартқан, айтысқа түскен.
Атақты Тоқ
тоғұл,
Мұраталы, Әлімқұл сияқты өнер саңлақтарының Жам
был
ға деген ықыласілтипаты, сондайақ Жәкеңнің қыр
ғыз
дың Шәбден тәрізді сыйлы басшыларына көрсеткен
құр
меті көпшілікке аян. Ал, Жамбылдың «Манасты», «Ер
Төстікті» манасшылардан кем жырламағаны тағы да белгілі.
Демек, Жамбылдың даңғыл жырау, талмас айтыскер, май
талман ақын болып өсуіне казақ пен қырғыз халықтары
ның мәдени мұрасы негіз болған. Осы тұрғыдан келгенде, біз
Жамбылды халық поэзиясы мен импровизаторлық өнердің
университетінен өткен деуімізге болатын тәрізді. Әрине, бұл
жерде Жамбылдың өз бойына біткен ұлы дарынды айтпасқа
болмайды. Атаанасынан
дарыған өнер, өз табиғатындағы
талант, халық поэзиясы мен ауыз әдебиетінің дәстүрі – міне,
осының бәрі қосыла келіп, ұлы жыршыны дүниеге әкелді, оны
ауыл ақынынан қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жы
рау етті.
Он бес жасынан өлең айта бастаған Жамбылдың XX
ғасыр
ға дейінгі шығармаларының бас нысанасы – сол кез
дегі қазақ ауылының күнделікті тіршілігі, жеке адам
дар
дың мінезқұлқы, болыс пен байлардың ісәрекеті...
Ол шығармалардың дені –
арнау мен мысқыл өлеңдер, айты
стар. Бүл түста Жамбыл шыншыл да сыншыл ақын түрінде
көрінеді. Оның өзіндік себептері бар еді. Жамбылдың үлкен
[
283
]
ақындық өмірі XIX ғасырдың 70 жылдарынан басталған бо
латын. Бұл қазақ қауымы үшін ауыр кезең еді. 1860 жылда
ры Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған Ресей
енді қазақ елін басқарудың жаңа амалын тапқанды. Енді
186768 жылғы жаңа мизам негізінде Қазақстан үлкен 6
облысқа, облыстарын уездерге, уездер волостарға бөлініп, қа
зақ сахарасына ішкі Ресейдің басқару жүйесі
отаршылдық
сипатта көшірілді. Соның нәтижесінде қазақ еліне орыс мем
лекетінің бюрократтық аппараты тудырған көптеген келеңсіз
құбылыстар мен ісәрекеттер жайылды. Осының бәрі ең ал
дымен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс сал
тын бұзды,
елдің ішіне іріткі салды, адамдардың санасы мен
мінезқұлқын өзгертті. Сөйтіп, бұрын естіпкөрмеген ұлық
қа жағымпаздық, болыстыққа талас, ағайынға жала жабу,
адамның үстінен шағым айту,
кісіні алдау, өтірік айту сияқты
жағымсыз қылықтар пайда болды. Ал, қазақ жерін болыс
болысқа бөліп, елді жерге таластыру мен малдан айырудың
салдарынан ел арасында барымта етек алды, барымталықты
малданған арамтамақтар, тағы басқа жалқаулар пайда болды.
Жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, рухы
жадап, ел күйзеліске ұшырады. Бір жағынан – отаршылдық
саясат, екінші жағынан – қоқан мен қырғыздың жаулығы,
үшінші жағынан – орыс шенеуніктеріне арқа сүйеген
байболыстардың ісәрекеті елді аздырыптоздыра бастады.
Осын дай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты ай
тып, ел басшылары мен игі жақсыларының жағымсыз қы
лықтарын сынайды. Сол кезде өмір сүрген Дулат, Сүйінбай,
Мұрат, Шортанбай сияқты көптеген ақындар да өз заманының
болмысын суреттеп, оның жаралы проблемаларын ашық ай
тып, ащы дауыспен жырлады. Тек олар ғана емес, сонымен
қатар жазба әдебиетінің өкілдері де
дәуір сипаты мен адамын
бейнелеп, реалистік шығармалар тудырды. Сондықтан сол
бір кезді әңгіме еткен ауыз әдебиетінің де, жазба әдебиетінің
де тақырыптық әрі идеялық ұқсастығы, жақындығы бар,
олардың мысқылдап, әжуалағаны да бірыңғай. Мысалы, Шал
табай болыстың мінезқұлқын Жамбыл былайша жырлай ды: