9
«Катаклизм» сөзіне анықтама бер. Сөздіктерді, анықта-
малықтар ды пайдалан. Сыныптастарыңның анықтамала-
рымен салыстыр.
Кестеге қарап, катаклизмдерді қалай жіктеуге болады?
Біздің еліміз дің табиғат жағдайында қандай катаклизмдер
болуы мүмкін?
Геологиялық
катаклизмдер
ауа райы, климаттық
катаклизмдер
Жер сілкінісі
Жанартау атқылауы
Сел, көшкін,
қар көшкіні
Су тасқыны, цунами
Өрт
Құйын, боран, бұршақ, құрғақшылық
Катаклизмдер күшінің
жойқындығы сондай, ол адам-
дардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді. Құры-
лыс тар қирап, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуы да
ықтимал.
Табиғи апат кезіндегі ең басты қағида – сабырлы болу, жыл-
дам әрі сенімді қимылдау, дүрбелең салмау. Табиғи апат кезінде
үйде болсаң, тұрмыстық құралдарды электр желісінен ажырат,
газ және су келетін крандарды жап. Сақтық ережелеріне сай
әрекет жаса.
еСіңДе СаҚТа!
Табиғат құбылыстарының
адам өміріне қалай әсер
ететінін сыныптастарыңнан сұра. Ой бөліс.
Табиғаттағы қандай құбылыстар жойқын апаттарға
алып келеді?
Сұраққа қатысты қосымша мәліметтерді тағы кімнен,
қайдан алуға болады? Сабаққа қорытынды жаса.
Өз жеріңдегі ауа райына бақылау жаса.
Одан келетін
қауіп қатердің қандай белгілері бар? Өзің тұратын жерде
қандай табиғи катаклизмдер болуы мүмкін? Оның қандай
түрлері саған таныс?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217