В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет6/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Дүниетану

8
Ауа райы адамдарға 
қалай әсер етеді?
«катаклизм» ұғы-
мы мен табиғат-
тағы катаклизмнен 
болатын апаттар 
туралы білетін 
боласың.
– ауа райы мен климаттық жағдайлар адам 
өміріне қалай әсер ететінін анықтайсың;
– қауіпті табиғат құбылыстары кезінде өзін-өзі 
ұстау ережелерін құруды үйренесің.
катаклизм
cataclysm
Суреттерге қара. Мына табиғат құбылыстары саған таныс 
па? Олар жайлы не естідің? Телеарнадан қандай табиғи ката-
клизмдерді көрдің?
Саған табиғат құбылыстарының қандай қауіпті түрлері 
таныс?
Адам өмірі мен қызметі ауа райына және климаттық 
жағдайға тәуелді. Кей жағдайда табиғаттағы катаклизмнен 
болатын апаттар да адам өміріне қауіп төндіреді.
найзағай
жер сілкінісі 
су тасқыны
Сен
Сен
катаклизм
сабақ

сабақ

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


9
«Катаклизм» сөзіне анықтама бер. Сөздіктерді, анықта-
малықтар ды пайдалан. Сыныптастарыңның анықтамала-
рымен салыстыр.
Кестеге қарап, катаклизмдерді қалай жіктеуге болады? 
Біздің еліміз дің табиғат жағдайында қандай катаклизмдер 
болуы мүмкін?
Геологиялық 
катаклизмдер
ауа райы, климаттық 
катаклизмдер
Жер сілкінісі
Жанартау атқылауы
Сел, көшкін, қар көшкіні
Су тасқыны, цунами
Өрт
Құйын, боран, бұршақ, құрғақшылық
Катаклизмдер күшінің жойқындығы сондай, ол адам-
дардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді. Құры-
лыс тар қирап, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуы да 
ықтимал.
Табиғи апат кезіндегі ең басты қағида – сабырлы болу, жыл-
дам әрі сенімді қимылдау, дүрбелең салмау. Табиғи апат кезінде 
үйде болсаң, тұрмыстық құралдарды электр желісінен ажырат, 
газ және су келетін крандарды жап. Сақтық ережелеріне сай 
әрекет жаса.
еСіңДе СаҚТа! 
Табиғат құбылыстарының адам өміріне қалай әсер 
ететінін сыныптастарыңнан сұра. Ой бөліс. 
Табиғаттағы қандай құбылыстар жойқын апаттарға 
алып келеді? 
Сұраққа қатысты қосымша мәліметтерді тағы кімнен, 
қайдан алуға болады? Сабаққа қорытынды жаса.
Өз жеріңдегі ауа райына бақылау жаса. Одан келетін 
қауіп қатердің қандай белгілері бар? Өзің тұратын жерде 
қандай табиғи катаклизмдер болуы мүмкін? Оның қандай 
түрлері саған таныс?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


10
Менің табиғи орта дағы 
қауіпсіздігім
«табиғи орта» 
ұғымы туралы 
және табиғи 
ортада қандай 
қауіп-қатерлер 
болатынын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет