Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет40/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
76 
көрінеді. Əйелдер айдын тоғанның жиегіне іліге бере тоқтай қалды. Қаз 
қатар тұра қап шешіне бастады. Жап-жасыл шөп үстінде теңгедей-
теңгедей дөңгеленіп ақ шытыра кейлектер қалды. 
Құс мамығындай үлбіреген аппақ желеңдер астынан əлі қайратына міне 
қоймаған күннің нұрында бір түрлі алқызылданып албырап көрінетін ақ 
сүйрік тəндер атып-атып шығып, көлкіп жатқан кекпеңбек суға қойды да 
кетті. 
Төрт бұрышты көкпеңбек тоған төбесінен моншақ жауғандай-ақ 
айранданып шыға келді. 
Келіншектердің аппақ білегі айдын бетін сабалап, бір-біріне су шашады. 
Арасынан екі-үшеуі үзіліп шығып, айдын жиегіндегі мая-мая боп үюлі 
тұрған қызыл шоғырға бас салды да, күп-күрең алмаларды тоған бетіне 
лақтыра бастады, судағы əйелдер топ-топ жауып жатқан алмаларды су 
бетіне қарғи кетеріліп қағып алады. Күп-күрең алмалар көкпеңбек айдын 
үстінде бүршақша жауып тұр. Келіншектер бірінің қолын бірі қағып, 
күрең алмаларға жапа-тармағай жармасып жатыр. Асыр салған ақшыл 
тəндерге қызыққандай ақ жал су да шалп-шалп секіріп, еркетотай 
келіншектердің едірейе көтерілген омырауларынан сүйіп-сүйіп алады. 
Көздің 
жауын 
алатын 
сұлу, 
сымбатты 
қомағай 
толқындардан 
қорғаштағандай, қос иықтан дудырап бос төгілген тып-тыныш тоған ойда 
жоқта бір үйір ақ сазан түсіп кеткендей астан-кестен боп, жиегін шылп-
шылп сабап бұлқынып жатыр. Бірінен-бірі өткен ақ сүйрік сұлу денелер 
жанап өткен сайын қытығына тиіп кеткендей, кек айдын көкке шоршып-
шоршып қояды. Жаппардың көз алдында өңшең бір ақ толқындар асыр 
салып билеп жүр. Сонау оңаша көл бетіндегі көп діріл мұның көңіліне 
көшіп қонғандай. 
Тулап жатқан айдын беті бір уақтарда барып тыншыды. Қырық сұлу тоған 
жиегіне аяқтарын суға малып отырып ап қыздырынды, біраздан соң 
шаштарын тарады, бірінің бірі бұрымдарын өре бастады. 
Сосын орындарынан бəрі бір уақытта дүр көтерілді де, анадай жерде 
ағарып жатқан киімдеріне барды. Қырық бірдей қызғылтым сұлу тəн ақ 
мамық желеңнің астына кіріп жоқ болды. Сосын мамырлап басып сарайға 
қарай беттеді. 
Олар сарай алдындағы қалың көк желектің астына кірер-кірместе, 
манағыдан бері қайда тығылып тұрғандарын кім білсін, бақтың түкпір-
түкпірінен он шақты еркек жүгіріп шығып, айдын бетінде жыпырлап 
жүзіп жүрген күрең алмаларды қолдарындағы ұзын сырықтың басына 
байлаған тор көз ауларымен сүзіп ала бастады. 
Енді шебер бұдан бір сүйем биіктеп кетсе əлгіндей əдемі керіністен 
біржола айрылып қалатындай кібіртіктеп жұмысы өнбеді. Баяғыдан бері 
сумаңдап көкке шапшып келе жатқан мұнара тап осы араға келгенде ая-
ғына жем түскендей, бір елі жылжымай қойды. 
Ханым мен нөкері суға шомылған сайын, салынып жатқан мұнара жаққа 
қарар ма екен деп, көзін тігіп бағады-ақ. Бірақ айдын бетінде асыр салып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет