Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет38/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
74 
əткеннің көзін бір жалт еткізіп, аузын бір жалп еткізіп, іш құста күн 
кештіріп қойған да – сол ел көзіне түссем деген дəме... Бұл енді түсініп 
отыр, байғұс көксау əкесін де жапан түздің бір қалтарысындағы 
қарапайым қыстақта жұртқа құмыра жасап беріп, сауаптарына қалып
ақысына келген азғантай тары-талқанды талшық қып, өз төр, əлең 
төсегінде күрк-күрк жөтеліп, жайына жатқыздырмай, жер түбінен Байтақ 
шаһарға сүйреп əкеп, жат біреудің оң жағында көз жұмдырған да – сол. 
Енді, міне, талай-талай жел көкірек немені əуелі желкесіне мінгізіп, 
көкке көтеріп, сосын аяғының астына бір-ақ алып ұратын сол бір арман 
деген ала бүлік неменің ағаш атына бұ да қонжиды. 
Міне, ол мынау əлі күн қыза қоймаған, ауадан көгіс ыдырай қоймаған 
айна таза таңда аяғының астында үйіліп жатқан қыш тастарды көтеріп 
ап, күндегі үйреншікті тіршілігіне қайта кірісіп кетуге түрткі болардай ілік 
іздеп алақтап түр. 
Шаһар сол баяғы шаһар. Саз балшық үйлер жұпыны дастарқандағы 
сілекейленіп қалған азғантай науат пен шекердей қалай болса солай бет-
бетіне шашырап жатыр. Аспанның да еш қылаусыз ап-ашық жатқанымен, 
ештеңеден рай танытпайтын тымсырайған қалпы. Жаппардың жер мен 
көктің арасынан ештеңе тастамай, тіміскілеп жүрген жанары ақырында 
тағы да Кіші ханымның бағына түсті. 
Бүгін байқады, күнде жасыл желек астында көміліп, көрінбей тұратын 
ханым сарайының ауласы көз алдында дəл алақанындағы нəрседей ап-
анық сайрап жатыр. Сөйтсе, бұл салған мұнара шаһардың төбесіндегі 
зеңгір аспанды бір өзі дербес иемденіп, шырқау биікке шығып апты. Енді, 
міне, жан-жағынан адам аттатпай, айбалталы күзетшілер қоршап тұрған
ұшқан құс болмаса тірі пенденің көзіне түсірмей, құпия сақталатын 
ханым сарайы аяғының астында қапты. Бақ арасындағы ақсиған 
жолдарды, оймақтай-оймақтай көгал алаңдарды, бір-екі жерде айнадай 
жалтырап жатқан мөп-мөлдір айдындарды ап-анық көріп түр. 
Ойда жоқтан асығыс оянған əлдебір ашқарақ сезім манадан бері жан-
жағында тау-тау боп үйіліп жатқан қыш кірпіштерге қолын қайта 
создырды. Мұнараны бұдан гөрі де биіктете түспек. Сонау жұмбақ 
сарайды қалтарыс қалдырмай, түгел керіп отыратындай қып биіктетпек. 
Қабағынан қан шашырайтын қаһарлы патша қалтарысқа тығып баққан 
сұлу ханым сарайын тас төбесінен тамашалап отыратын аспан астындағы 
жалпақ дүниеде жалғыз осы ғана, тіпті үш тараптың туын түгел дерлік 
аяғына жыққан Əміршінің өзі де ханым сарайын тап бұл секілді 
алақанындағы нəрседей тұтас керіп, тұтас шола алмақ емес. 
Аяғының астындағы тау-тау үйінді азайып барады. Жаппар ұста ол күні 
қалай қас қарайғанын да байқай алмай қалды. Ертеңіне таңертең қолына 
май қалақты алып жатып, тағы да ханым бағына қарады. Бəлкім, сонау 
көп терезелердің бірінде Кіші ханым бұның əр қимылын көз жазбай 
бағып отырған шығар. Ол енді мұнараны ханым бағының қай түкпірінен 
қарасаң да, төбеңнен төніп тұратындай қып бітірмек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет