Kitapkhana.ucoz.com
155
Əлдебір уақыттарда барып көзін ашып алды. Шілде күні шыжғыра
күйдірген шатырдың іші ысып кетіпті. Құс мамық төсекке үйелеп
қалған
екен, ыстық мамық өне бойын жандырып барады. Бұл жан-дəрмен басын
көтеріп, есік жаққа қарап еді, ешкім жоқ. Əлгі
тықыр бас соқыр
əлдеқайда ғайып бопты. Ол шыжыған шілде мен пəлен күннен бергі
бебеулеткен тымырсық ойлардан қайнап-қайнап,
балдыр батпаққа
айналған дəрменсіз мидан санасы тұмандана бастағанын, əлгінде ғана
қарсы алдында жаланып отырған манағы өткел басында қалған соқыр да,
мұның жанын алуға келген мүңкір-нəңкір де емес, жай əншейін
қорыққанға қос көрінген сандырақ елес екендігін енді аңғарды. Бірақ
көңіліне біржола орнығып алған осы бір озбыр күмəнның, бəрібір, мүңкір-
нəңкірдей бұның басын жұтпай тынбайтынына да көзі біржола
жеткендей болды.
Ол қайтадан есеңгіреп кетті. Енді жан-жағын шетсіз-шексіз құла түз
жайлап алды. Білем-білем шағылдар да əлдеқандай
шимай жазуларға
толып кеткен сияқты. Бұл сөніп бара жатқан жанарының соңғы қуатын
шым-шым сарқып, қадалып келіп оқиды-ақ. Əлдебір
уақыттарда барып
зорға-зорға ажыратқандай болды. Күллі дүниені: «Барар жерің бəрібір
жердің асты» деген шимай жазу қаптап кетіпті.
Ол тағы да көзін ашты. Төбесінен қара қоңыр күңгірт бірдеңе төніп тұрды.
Бірақ Əмірші бұл жолы өзінің, үйреншікті алтын күйме, атлас шатырында
жатқанын, əлде баяғыда өзі салдырған тас зынданда жатқанын анық
ажырата алмады.