Кіріспе
Картографияның маңызды саласы болып табылатын - сандық
картография қазіргі кездегі технологияға байланысты қолданылып жүрген
түсірісті кешен болып табылады. Сандық картография өзінің құрамына
лазерлік сканер және сандық аэрофотокамераны біріктіреді. Сандық
картография жергілікті жердің және жер бедерінің, ортотопландардың,
қосалқы материалдардың жоғары дәлдікті сандық үлгісін бірден алуға
мүмкіндік береді және соңғы өнімдердің сапасын көтеруге ықпал етеді.
Соңғы өнім ретінде сандық топографиялық план алынады. Қазіргі ГАЖ
технологияларын қолдану арқылы жасалған ірі масштабты пландарда, жер
бедері әдеттегі тәсіл сияқты тек горизонтальдармен ғана шектелмеген. Ол
түрлі жоба жұмыстарында өте құнды материал болып табылатын
триангуляциялық үлгіні қамтиды. Жылдам түсіру жұмысын жасау және
жоғары дәлдікті мәліметтерді алу, бұл әдістің экономикалық әсері жағынан
тиімді болып келуі, сонымен қатар, тапсырыстардың тез жылдам орындалуы
және аса төмен құндылығымен ерекшелінеді. Технологиялық тізбек
көмегімен сандық картография бір шетінен, далалық геодезиялық
жұмыстарды, ал екінші жағынан, ақпараттарды алуды және өңдеуді бірнеше
есе тездетеді.
Топографиялық карталарды жасау анықталынатын аумақты ғарыштық
түсіріс негізінде немесе архивті мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
Арақашықтықтан зерделеу спектрлік диапазонына, кеңістіктік ауқымына
және т.б. қарай ерекшелінеді. Әр түрлі ғарыштық аппараттардан алынатын
кең көлемдегі өнімдерді, және алынған мәліметтерді өңдейтін арнайы
бағдарламалық құралдарды қолдану орта және ұсақ масштабты
топографиялық карталарды керекті дәлдікте, сонымен қатар, тақырыптық
құрылымына сай құруға мүмкіндік береді. Арақашықтықтан зерделеуді
қазіргі
заманғы
маманданған
бағдарламалардың
көмегімен,
автоматтандырылған алгоритмдерді біріктіру арқылы өңдеу соңғы
өнімдердің жоғары эффекті талаптарын қанағаттандырады.
Курстың мақсаты:
- Mapinfo-да картаны тіркеу;
- жер бетіндегі нысан белгішелерін жіктеу картасы туралы көбірек
білу;
- Зайсан қаласының ескірген картасын пайдаланып, жаңа карта жасау;
- Сандық картаны түрлендіру;
- Фото форматтар мен векторлық суреттерді енгізу;
- сандық картаны және кеңістіктік модельдердің бірқатар басқа
карталарын құрудың теориялық негізі мен әдісін білу және практикалық
қолдану;
- Зайсан қаласының растрлық бейнесін Mapinfo бағдарламасымен
сандық түрге келтіру.
|