Курстық жұмыс Тақырыбы: Зайсан қаласының сандық картасын құру


 Геоақпараттық жүйелердің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата19.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#486974
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Ералы Асемай курсовой цифр

2.1 Геоақпараттық жүйелердің ерекшеліктері 
Географиялық ақпараттық жүйені қолданудағы сәттілік пен тиімділік 
(оның ішінде экономикалық та болуы мүмкін) әрбір ұйымның жұмысы мен 
міндеттерінің спецификасына сәйкес құрастырылатын жұмыс ережелері мен 
дұрыс жасалған жоспарға байланысты болады 
Геоақпараттық жүйелердің ерекшеліктері: 
1. пайдаланушыға қолайлы кеңістіктік деректердің бейнеленуі- 
кеңістіктік деректерді, сонымен қатар қабылдауға аса қолайлы үшөлшемді 
өлшеудегі деректерді картографиялау (картаға түсіру); ол сұраныстардың 
құрылымы мен олардың кезекті талдамасын жеңілдетеді; 
2. деректерді мекеме ішінде интеграциялау- геоақпараттық жүйелер 
компанияның әртүрлі бөлімдерінде немесе тіпті бір аймақтағы мекеменің 
түрлі қызмет салаларында жинақталған деректерді біріктіреді. Жинақталған 
деректер мен олардың бірыңғай ақпараттық массивке интеграциясын 
ұжымды түрде пайдаланудың едәуір бәсекелестік артықшылығы бар. Ол 
геоақпараттық жүйелерді пайданау тиімділігін жоғарылатады; 
3. дәлелді шешімдерді қабылдау- кеңістіктік деректермен байланысты 
кез келген құбылыс туралы есеп беруді талдау және құру процесін 
автоматтандыру, шешімді қабылдау тәртібін жеделдету мен оның тиімділігін 
жоғарылатуға мүмкіндік береді; 
4. картаны құрудың қолайлы құралы- геоақпараттық жүйелер, 
ғарыштық және аэрофототүсірім деректерінің мағынасын түсіндіруге 
(расшифровка) тиімді және белгілі бір жердің құрылып қойған жоспарларын, 
сызбанұсқаларын (схема), сызбаларын (чертеж) пайдаланады. ГАЖ картамен 
жұмыс істеу процесін автоматтандыра отырып, уақытша ресурстарды 
үнемдеп, жердің үшөлшемді моделін құрады. 
Геоақпарат -Жер туралы басқа ғылымдар сияқты геожүйеде болып 
жатқан процестер мен құбылыстарды зерттеуге бағыт алған, бірақ ерекшелігі 
зерттеу барысында өзінің әдістері мен құралдарын қолданатын ғылым. 
Геоақпараттың негізі мақсаты зерттеліп отырған геожүйеде жүріп жатқан 
процестерді бақылауға арналған компьютерлік геоақпараттық жүйе 
(ГАЖ)құру болып табылады. Ол үшін ең бірінші ақпарат қажет, олар 
мәліметтер 
базасы 
мен 
білім базасында 
топтастырылады 
және 
жүйелендіріледі. Ақпарат әртүрлі болуы мүмкін: картографиялық, нүктелік, 
статистикалық, жазба текст түрінде. Койылған мақсатқа байланысты 
жоғарыда айтылған ақпараттарды қолда бар программалық өнімдермен 
өңдеуге, сақтауға және анализ жасауға белгілі бір мақсатта шешім 


14 
қабылдауға болады. Сонымен геоақпарат дегеніміз – оның шеңберінде ГАЖ 
құрылатын және дамитын ғылымның жаңа саласы. Экология ғылымы сияқты 
геоақпарат картография, қоршаған орта мониторнигі және кадастр, жүйелі 
динамика, компютерлік индустрия cияқты ғылым салаларының даму 
нәтижесінде пайда болды. Геоақпарат зерттеліп отырған объектілерді, 
процестерді, жағдайларды кеңістіктік талдау принциптері негізінде 
құрылған. Қазіргі кезде ГАЖ көбнесе инженерлік, әлеуметтік, қаржылық 
мәселелерді шешуге қолданылады, бірақ табиғи-антропогендік геожүйеде 
ГАЖ-нің ролі зор. ГАЖ 5 құрамдас бөліктерден тұрадыv [8]. 
• Мәліметтер; 
Аппараттық құрал
• Программалық өнім; 
• Орындаушы немесе тұтынушы; 
• Әдістер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет