«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Лекциялар

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
 1. Студент хрестоматиясынан А.Құнанбаев қара сөздерінің мән- мағанасын түсіндіріңіз
2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік ұғымын сипаттаңыз..
3. Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетін игіліктерін ата?
4. Адамның биік құндылығына не жатады?
5. Ш. Уалихановтың моральдық идеяларының негіз неде?.
6.Абай қара сөздеріне шығарма жазыңыз.


№5 Дәріс
Тақырыбы: Махаббат келбеті.
Мақсаты: студенттердің өзара сыйластық пен сыпайылыққа, сөйлеу мәдениетін дамытуға, 
үйлесімді қарым-қатынас, адамды құрметтеу, қарым-қатынаста шынайы болуды, 
жақсылық жасау, достықты қадірлеу, жолдасыңа көмек көрсету, өзара ұйымшылдық пен 
бірлікке т.с.с адамгершілік-рухани қадір-қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Тірек ұғымдар: “махаббат”, “қарым-қатынас”, “Отан”, “Ана”, “Туған Жер” т.б.
Жоспар.
1. Жүрек мәңгі мекенім.
2. Сезім сапаларының қырлары мен қарым-қатынас түсінігі.
3. Рухани келісім ұғымына түсінік.
1. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, 
өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі 
тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның 
ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек 
арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас 
қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім 
алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыру -дың нәтижелігі, олардың бойына биік адамгершілік мінез-құлық нормаларын 
сіңдіруге және моральдық сананың қалыптасуын жақсартуға ықпал етуші-нақты орта, объективті 
жағдай мен субъективтік факторларды /оқу-тәрбие процесі, қарым-қатынас, көзқарас, т.б./ үнемі 
есепке алып отыруға тікелей байланысты. Сондықтан да университет жоспарына еніп отырған 
бүгінгі “Өзін-өзі тану” тәжірибелік курсы және философия, мәдениеттану, саясаттану 
педагогика, психология пәндеріне қосымша арнайы курс, арнайы семинар, арнайы ғылыми 
конференция 
бөлімдер 
жанынан 
ашылған 
үйірмелер 
негізгі 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыруды жүзеге асырудың негізі болып табылады. Осыған байланысты, 
ел басымыздың: “Адамгершілік ұстанымдар ортаның өмір салтына сәйкес қалыптасуға тиіс. Біз 
қалыпты, дұрыс тәрбие алдық. Бізде көшеден бір таба нан немесе тұз сұрап алу, өзара көмектесу 
дәстүрі сақталған. Осынау адамгершілік қасиеттерді жоғалтуға болмайды. Ал, жаңа адамдық 
ұстанымдар жастар тәрбиесінен басталуы керек. Ол үшін Отанды, Қазақстандық құндылықтарды 
тәрбиелеу қажет. Осы орайда идеологиядан гөрі насихат туралы баса айтқан жөн. Адамдарды 
ұлтына, дініне, тіліне қарап бөлуге болмайды. Халықтардың достығы, теңдігі, өзара келісім мен 
сенім-біздің идеологиямыз осылар болуға тиіс”- дей келіп Елбасы мемлекеттік идеологияның
тәлім-тәрбиенің өзегі, негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетті. Олар: достық, 
ұлттық, идея мен мәдениет, діни төзімділік, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және Экономика. 
Осы міндеттер жүзеге асар болса, ол мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болмақ”. Рухани-
адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана тұлғаны құрметтеу. Оның рух иесі, бойында 
Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние 
мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай 
қабылдауы шарт.
Адамгершілік сапалары: - адалдық; - махаббат; - сүйіспеншілік; - парасаттылық; - ізгілік; - 
моральдық сана сезім. Адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір әрекетке баруына 
түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-
әрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады. 
Мұндай іс-әрекеттер мен себептер әрбір тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып 
көрсетіп отырады. Адамгершілік моральдық қадір – қасиеттеріне: Қоғамға: - идеялық; - 
ұжымдық; - отаншылдық; еңбекке, оның нәтижелеріне: - еңбекқорлық; - тәртіптілік; - 
ұқыптылық; өзіне және өзге де адамдарға: - қайырымдылық - мейірімділік; - принциптік; - 
табандылық; Әрине, адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген 
категориялар – жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен 
намыс, т.б. сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. 
Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани -адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары – 
үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде. 2. Сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам 
өмірінің қалпына әсер етеді. Ішкі сезім, көңіл күйдің бұзылуы адамның адамдық негізгі 


қасиеттерінің көрінісіне өз әсерін тигізеді. Бұндай уақытта адам өз сезімін қолына ұстап басқара 
алатындай жағдайда болу қажет. Сонда ғана студент үшін жайсыздық туындап тұрса да ол басқа 
адамдармен қарым-қатынас уақытында өз сезімін қолға алып басқара алу негізінде өз күйін өзге 
адамға көрсетпей біркелкі дұрыс қарым- қатынас жасай алады. Осы арада педагог Н.В Данилов: 
«Егер сезім адамды басқаратын болса, онда бұндай жағдайда күйзеліс пайда болады» - деп 
суреттейді. Сол себептен біздер зерттеу барысында ішкі сезім күйін студенттің өзі басқара 
алатындай жағдай туғызу жолдарын “Өзін-өзі тану” сабағындағы жетістікке жету, сәтсіздіктен 
қорқу әдістерін реттеп отыруға қолдандық. Сезімді реттеу, бойындағы күйзелістік жағдайды 
тарқату, бұл үнемі өзін қандай күйде де (қатты ашулану, өкпелеу, шексіз қуану) үлкен 
шыдамдылықпен, өзін-өзі жеңе білумен ішкі және сыртқы әрекеттерге қарсы тұра алу 
төзімділігін қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Сезім толқыныстары адамның бойындағы ішкі 
және сыртқы өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады. Сыртында: адамның келбеті, тұрысы, 
ымдауы, ишараты, дем алуы, дауысының өзгерісі, көзінің қозғалысы, терінің түсі, күлуі, жылауы 
т.б. өзгерістерге әкеліп соғады. Ал ішкі өзгерістерге: - организмде ішкі секреция бездерінің 
бөлінуі, адреналиннің қанға көптеп шығуы, жүрек жүйесінің кеңеюі, қан ұюының күшеюі, ас 
қорыту жүйесінің жұмысының тежелуіне т.б. әкеліп соғады. Осы жағдайларды студент біліп қана 
қоймай, осы кезеңде сезім күйін қалай реттеу жолының әдістерін игере білуі оның рухани 
мәдениетінің дамуына, интелектілік жоғарлауына, адамгершілік сапаларының артуына тікелей 
ықпал жасайды. Бұл үшін әрбір студент өзін-өзі тану әдістері арқылы өзіндік сезім, көңіл күй, 
белсенділік диагностикасын өткізу арқылы бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамытуға 
бірден-бір әсер ететін өзіндік сезімін қалыпқа келтіріп, басқару жолдарын есепке алуды үйрету 
қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу процесі үлкен ауқымды қамтиды. Тұлғаның интелектік дамуы, 
адамгершілік сапасын арттыру, білімділік, еңбексүйгіштік, еңбекке икемділік т.б. қамтиды. О.М. 
Анисомованың көзқарасы бойынша “…өз бойындағы адами қасиеттерін тізіп шығып, әрі қарай 
бағдарлама жасау тұлғаның бойындағы адамгершілік сапалардың қалыптасуына ерекше әсерін 
тигізеді- деп сипаттайды. Олай болса педагогика пәнінен ұйымдастырылған арнайы 
семинарларда студенттің өз жеке басымен жұмысының ролін күшейтіп. Өзіне күнделік ашқызып, 
өз алдына жоспар құрғызу студенттің өз бойындағы төмен бағаға ие адамгершілік сапаларын 
дамыту жолдарына арналған бағдарлама жасау, студент бойындағы адамгершілік сапаларын 
дамытуға көмектеседі. Бұл жағдайда студенттер жекелеген адамгершілік сапалардың өз бойында 
дамуына өзін-өзі тәрбиелеу әдістері арқылы (өзін-өзі бағалау, бақылау, сынау, қадағалау, түзету, 
сендіру, көндіру т.б.) қол жеткізеді. Жеке тұлғаны қалыптастырудың қазіргі жаңа 
тұжырымдамасы: тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігіне баса назар аударады. Ол ішкі және 
сыртқы факторлардың қарама-қайшылықтарын үйлестіре, кіріктіре отырып, өзін-өзі дамытуы 
керек. Ішкі дегеніміз адамның өзі, оның ішкі дүниесі, көңіл-күйі. Осы ішкі көңіл-күй әсері, 
Гегельдің айтуынша, сыртқы әсерге қарсы шығып оны жояды да өзінің ішкі рухани дүниесіне 
айналдырады. Жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиесіне ықпал ететін факторлар- қоршаған өмір 
құбылыстары, табиғат адамдар еңбегінің түрлері, қоғамдық , әлеуметтік қатынастар, 
экономикалық жағдайлар т.б. оның әр өсу кезеңінде мінез-құлқының тұлғалық болмысының, 
тәртібінің өзгеруіне, моральдық жағынан бекінуіне мүмкіндік жасайды. Бір сөзбен айтқанда 
тұлғаның қалыптасуына саяси экономикалық, рухани, моральдық факторларда әсер етеді, ал 
тұлғаның бітім болмысының мәні оның әлеуметтік сипатынан көрінеді.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс. Ол жастардың бойына биік адамгершілік қадір-
қасиеттерді сіңіруді ғана емес, сонымен бірге олардың бойын жағымсыз қоғамға жат 
қылықтардан арылтуды талап етеді. Әсіресе, студенттің азаматтық бағдары, биік адамгершілік 
тұрқы, өмірлік белсенді позициясы, олардың патриотизмі, туған жерге деген етенелігі 
қалыптасып, өзін-өзі тану арқылы өз бойын жат қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір 
салтын, биік адамгершілік нысандарын қалыптастырып, болашақта өз ісіне адал, жас ұрпақты 
биік мақсат мұраттарға талпындыратындай, үлгі-өнеге бола алатын тұлға болып қалыптасуына 
мүмкіндік туады. Студенттердің бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру 
үшін рухани-адамгершілік нормаларының белгілі бір түрлерінің студенттердің бойында, атап 
айтқанда, іс-әрекет үстінде/рольдік ойындар, аутотренинг жаттығулар/, құрбы-құрдастарымен 
қарым-қатынас барысында, ұлтаралық қатынастағы басқа ұлт өкілдеріне деген, жалпы адамға 
деген құрмет пен сыйластық сезімдерінде, сондай-ақ биік адамгершілік қадір- қасиеттердің ең 


қарапайым нормалары болып саналатын әдептілік, қарапайымдылық пен сыпайылық, 
қайырымдылық, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету, моральдық сана тұрғысынан сапалығын 
үнемі байқап, реті келгенде өнегелік үлгі ретінде тұлғалық қасиеттерін құрметтеп, өзіндік 
”Менін” көтермелеп отыру қажет. Бұл олардың болашақ мамандығында өз бойында қалыптасқан 
игі қасиеттермен жас ұрпақты осы тұрғыда терең тәрбиелеуге және оларды сүюге, құрметтеуге, 
өз ісіне өзінің қолға алған қандай-да бір жұмысын аяғына дейін тек қана биік адамгершілік 
тұрғыда жасауына мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет