229
Мұндай сөздер құрамына кіретін осындай сан есімді біріккен сөдер тілімізде жиі кез-
десетін болғандықтан, қолданыс ауқымы кең Ең бастысы кез келген контекстік қолданыста
икемді қолданыла береді.
Енді бірқатар сан есімді біріккен сөздердің қолданылу аясы тарлау, яғни, сөйлеу тілін-
де сирек кездесетіндері де бар. Осы жағынан алып қарағанда, оларды
солғын қабілетті
əлеуетті сөздер деп айтуға болады. Мəселен, бірқауым, бірқырын, бірқилы, бірқыдыру,
бірөңкей, екіұдай, екібастан жəне т.б. Аталған сөздердің сирек жұмсалу себебі: бұлар-
дың əрқайсысының орнына контекстегі ыңғайына қарай қолдануға болатын синонимдес
сөздер бар. Айталық, “бірқауым жұрт жиналды” дегендегі “бірқауым” сөзін бірсыпыра,
біраз жəне т.б. сөздермен алмастырып, “біpсыпыра жұрт жиналды” деп те айтуға əбден
болады.
Сондай-ақ, жалпы тілдік құрамда бар болғанмен, белсенді қолданыстан шығып қалған
сөздер де бар. Мəселен, онбасы, жүзбасы, мыңбасы / əскери құрамалар атауы / , бесжылдық
онжылдық / жоспар / жəне т.б. Бесжылдық / жоспар / социализм
тұсындағы бес жылдық
мерзімге жасалған мемлекеттік жоспар болатын. Қазір, əрине КСРО-ның ыдырауына бай-
ланысты, идеологияның өзгеруіне орай, бұл сөз осы мағынасында қолданылудан қалды. Ал
онбасы, жүзбасы, мыңбасы деген əскери құрама атаулары бір кездері көнерген сөздер / ар-
хаизмдер / тобына жатқызылған. Сондықтан бұларды да тілімізде
жиі қолданбайтындықтан,
солғын қабілетті сөздер деуге болады. Солғын қабілетті болса да, əлеуетті
сөздер қатарынан
шығармай тұрғанымыз, еліміздің тəуелсіздігіне орай, қарулы күштерімізге қатысты термин-
дерді де қазақша атау барысында батальон, взвод, эскадрон басшысы (командирлері) сөз-
дерінің орнына жұмсалып іске асуы мүмкін. Ондық, елулік, жүздіктер деп əскери құрамалар-
ды атау үшін белсенді сөздерге айналуы əбден мүмкін.
Тіркескен сан есімді сөздердің қатарындағы айқын потенциалды сөздер: үш жүз/ұлы,
орта, кіші жүздер/ , төрт түлік, дүниенің төрт бұрышы, екі жүзді, алты алаш, алты қанат, он-
дық шам, ондық бөлшек, т.б. Солғын потенциалды сан есімді тіркескен сөздер: үш жылдық,
төрт жылдық, бес жылдық /бастауыш мектептер атауы/, жеті жылдық, сегіз жылдық, тоғыз
жылдық/ орталар мектептер атауы/, он жылдық/орта мектеп/. Бір кездері жалпы білім беретін
мектептер осылай аталған, ал қазір бұл сөздер осы жүйедегі өзгерістерге байланысты, тілдік
құрамда да белсенді қолданыстан шығып қалып отыр.
Диалектілерді реестрлік сөз дəрежесіне
жете қоймаған, жергілікті сөйлеу тілінде
шектелген сөздер деп жүрміз. Əйтсе де, бұлардың ішінен əлдеқайда
потенциалды сөз-
дерді де кездестіруге болады. Егер бұл сөздерге сəйкес келетін əдеби тілдік эквивалент
немесе, жарыспалы синонимдер болмаған жағдайда олардың өздері жергілікті ерекшелік
деңгейінен көтеріліп, нағыз потенциалды сөздер болып кетуі əбден мүмкін. Мəселен,
бірқатар/басқа тартатын бір байланатын кішірек орамал/, үшаяқ/ темірден жасалған үш
аяқты ошақ/, үшем, төртем, бесем/ егізден екеуден артық туатын төлдер/, үшақа, бесақа /
айыр түрлері/ , т.б.
Лексика-семантикалық тəсілмен жасалып, басқа мағына беретін қанша сан есім сөз бол-
са, солардың бəрін дерлік жоғары əлеуетті сөздер қатарына жатқызамыз. Өйткені, олардың
бəрі белсенді қолданыстағы сөздер. Меселен, бір, екі, үш, төрт, бес /бағалар атауы/, жеті/
жұма, апта/, тоқсан/оқу жылының төрттен бір бөлігі/ т.б.
Сонымен, сан есімдер негіз болып, сөзжасамдық түрлі тəсілдер арқылы жасалған сөз-
дердің ішіндегі реестрлік дəрежеге жеткен, тілдік құрамда
тек белсенді қолданыстар қа-
тарынан көрінетін топтарын əлеуетті сан есім сөздер деп танимыз. Олардың айқын жəне
солғын қабілетті əлеуеттеріне қарамастан контекстік қызметтеріне қарай түрлі мағынада
жұмсалатындарына көз жеткізуге болады.