360
Қазіргі кездегі білім беру сапасын қамтамасыз ету негізінде қалыптасқан негізгі құзырет-
тілік түріндегі білім мазмұнының жаңа тəсілдері Қазақстан Республикасының «Білім тура-
лы» Заңына жəне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарына сəйкес 2006 жылы əзірленген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі
ережелерінде қамтылған. Оқыту процесін ұйымдастыру негізінде мынадай тəсілдер:
тұлғаға бағытталған;
іс-əрекеттілік;
құзыреттілік;
денсаулық сақтау мəселелері қарастырылады.
Оның ішінде «Құзыреттілік тəсілі оқушылардың тұлғалық сапалар кешенін дамытуға,
білім беруден күтілетін нəтижелер ретінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағыт-
талған», - деп көрсетілген [2, 6].
«Құзырет» термині соңғы кездерде ғылымның əртүрлі саласында қолданыс тауып, қол-
дану мүмкіндігіне қарай «құзырет», «құзыреттілік», «құзыретті» ұғымдары əр түрлі мəнде
саралануда.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «құзыр» сөзі «əмір», «билік» дегенді жəне «белгілі бір
адамның жетік білетін мəселесі, хабардарлық» дегенді білдірсе
,«құзырет» сөзіне «қойылған
мақсаттарға жету үшін ішкі жəне сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке
жəне қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-əрекетке дайындық»
деген анықтама беріледі [3, 536].
Қазіргі таңда «білім сапасы» категориясының мазмұнын ашуда құзырет ұғымы ерекше
орын алады. Зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша құзырет тек білімге ғана емес, білік-
тілікке жақынырақ жəне адамның əртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды.
Яғни құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» жəне «дағды» сияқты ұғымдардан тұрады. Бірақ
құзыреттілік жай ғана
бұл ұғымдардың жиынтығы емес, сонымен бірге ол студенттердің
шығармашылық іс-əрекет тəжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.
Құзыреттілік тəсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көп факторлы
əлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық жəне
ақпараттық қаныққан
кеңістік жағдайында тіршілік ету əлеуетін, қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игертуге
жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді [4, 11б.].
Мəселен, «бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені «мек-
теп бітірушінің дайындық деңгейі» жəне «оқу біліктіліктері» деген дəстүрлі қолданылып
жүрген баламалары бар» дейтін, немесе «құзырет» жəне «құзыреттілік» адамның тіршілік
қызметінің басқа салаларында да кеңінен қолданылып жүр. Олар кəсіби іс-əрекеттің жоға-
ры сапасын көрсетеді» дейтін де пікірлер бар. Дегенмен, «құзырет» жəне «құзыреттілік»
ұғымдары студенттердің мəдениеттанымдық іс-əрекетінің күрделі
құрылымын бейнелеп,
білім беру мазмұнының өзін дамытуға жаңаша сипат беруде. Құзырет пен құзыреттілік –
бір-бірімен тығыз байланысты екі ұғым. «Құзырет – дара тұлғаның бойындағы өзара бай-
ланысты сапалардың (білім, іскерлік, дағды, əрекет тəсілі) жиынтығы болса,
құзыреттілік
– адамның сол əрекетке, оның пəніне деген жеке қатынасын қамтитын сəйкес құрауыштарды
меңгеруі» болып табылады. Сондықтан да құзыреттілік ұғымына тек танымдық жəне əрекет-
тік-технологиялық құраушылар ғана емес, сондай-ақ мотивациялық,
этикалық, əлеуметтік
жəне мінез-құлықтық компоненттер де кіреді [5,53б.].
Құзыреттілік қатынас студенттерге қатысым мақсатын анықтай білуге, жағдаятқа бай-
ланысты тілдік қатысымды түрлі жағдайларда қолдана білуге ықпалын тигізеді. Сондықтан
қатысымдық дегеннің өзі қарым-қатынас деген ұғымды білдіреді. Оны «Тіл білімі термин-
дерінің түсіндірме сөздігіндегі» мына анықтамадан көруге болады: «Коммуникация – (лат.
байланысамын, қатынасамын), (қатысым) – адамдардың танымдық-еңбек процесінде қаты-
361
нас жасау, пікір алысу, ой бөлісу – олардың бір-бірімен əрекет жасауының айрықша форма-
сы болып табылады. Пікір алушылар, оны түсіндірушілер сияқты коммуникативтік актілер
коммуниканттар деп аталады. Коммуникативтік қызметте тіл танымдық-белгілік мəнге ие
болып, адамды əлеуметтік тұлға дəрежесіне көтерудің маңызды тірегіне айналады».
Сонымен қатар қатысымдық бағыт оқыту жүйесінің аясында қалыптасып дамиды. Қа-
тысымдық бағыттағы сабақтардың тəжірибелік тұрғыдан тиімділігі студенттің екінші тілде
сөйлеуге үйретудің маңыздылығында.
Осы анықтамаға сүйенсек, қатысымдық екі немесе одан да көп адамдар арасында болған
жағдайда, яғни басқа адамдармен өзара қарым-қатынасқа түскенде ғана болады. Ал cтудент
бойындағы қарым-қатынас қабілеті өз ортасымен қарым-қатынастың, қоғаммен қарым-қа-
тынастың, өзін жəне өзгені танып білудің құралына айнала отырып, негізгі нəтижені шығар-
машылықпен меңгеру, қолдану деңгейлерінде қол жеткізілетін функционалдық сауаттылық
арқылы меңгеріледі. Мұнда əңгімелесудің мақсатты түрдегі
бағыттылығы қамтамасыз
етіледі, сөйтіп өзара қарым-қатынас қалыптасады.
«Қазақ тілі» сабақтарында студенттердің катысымдық құзыреттілігін қалыптастыру
мəселесі – тілдің қатысымдық жəне когнитивтік салаларының өзара ортақ бағыттары мен
ұстанымдарынан туындаған жаңа бағыт. Бұл бағыт бойынша студенттердің тілді оқуда сөз
мағынасын
қабылдауда, пайымдауда, түсінуде танымдық ерекшеліктерін ескеру,
олардың
түрлі өмірлік жағдаяттарда, сабақта өз ойын, пікірін жеткізу, қатысымдық міндеттерді шешу,
қатысымдық мақсатты іске асыруда тілдің заңдылықтары мен нормаларын орынды пайдала-
на білу дағдыларын қалыптастыру мəселелері алдыңғы орынға шығады.
Қатысымдық құзыреттілік – лингводидактикада кейінгі жылдарда ғана сөз болып жатқан
мəселе. Əдіскер-ғалымдардың еңбектерінде бұл терминді тілді оқытуда студенттерге тілдің
заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік қатынаста, өмірде тілдік жəне қатысым-
дық тəсілдерді орынды қолданумен байланыстырады.
Демек көптеген ғалымдар қатысымдық құзыреттілікке студенттердің түрлі жағдаяттарда
өз ойын екінші адамға жеткізу, екінші адаммен немесе қоршаған ортамен еркін тілдік қаты-
насқа түсу, қатысымдық қажеттіліктер мен міндеттерді орындау секілді қабілеттерді жатқы-
зады.
Əдістеме ғылымында бүгінгі күнге дейін бір ізге түспей жүрген мəселе: студенттердің
қатысымдық құзіреттілігіне не жатады, оның қандай өзіндік ерекшеліктері бар дегенде ға-
лымдардың пікірлерінде қайшылықтар кездеседі.
Сондықтан да бұл терминнің мəн-мағынасына түсініктеме бергенде, ең алдымен қаты-
сымдық құзыреттілік өз пікірін дəлелдейтін, тілдік қарым-қатынаста айтылым, тыңдалым,
оқылым, жазылым жəне тілдесім үдерістерін жүзеге асыратын, өзіндік пікірі бар жеке тұлға-
ның бойында қалыптасатын қабілет екендігіне назар аударған жөн.
Сонымен жоғарыда аталған мəселелер нəтижесінде студенттің қатысымдық құзыреттілі-
гі қалыптасады. Мысалы, ұсынылатын тапсырмалар мен жаттығуларды сабақ арасында кіш-
кене қиындатып, күрделендіріп отыру жұмысы екінші тілді үйрету барысында да кездеседі.
Құзыреттіліктер белгілі бір білім мен біліктіліктермен айқындамайды, ол əр түрлі жағдай-
ларға байланысты айқындалады. Құзыреттілік – өзінің кəсіпқойлық рөліне дайындық жəне
шешім қабылдай білу қабілеттілігі болып есептеледі.Қолданған əр түрлі əдіс-тəсіл тіл үйре-
нушінің белсенділігін арттырып, дербестігін қалыптастырады, танымдық қызығушылығын
арттырады. Жас ұрпақты жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы, осы талап тұрғы-
сынан алғанда оқу тəрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі əдіс-тəсілдерін іздестіру жəне
оны тиімді пайдаланудың маңызы зор.