Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет205/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   255
Оралбаева

Литература:
1. Кусаинов А. Образование в Казахстане и в мире.
2. Руководство для учителя (учебное пособие для слушателей І уровня курсов НИШ по 
Кембриджской программе).
3. Краснобаров. Формы оценивания.
4. Методические предметные журналы.
ӨЗГЕТІЛДІ АУДИТОРИЯДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Османова Зейнеп Жалалықызы
Абай атындағы ҚазҰПУ
Аннотация
В статье рассматривается наиболее эффективные методы обучения и некоторые вопросы 
становления и развития запаса словарного на стыке наук с другими профильными направле-
ниями языкознания.
 Ключевые слова: компетентность, компетентностный подход, коммуникативная компе-
тентность, средства коммуникации, ситуационная задача, творческий поиск, познавательный 
интерес.
Аңдатпа
Мақалада тіл білімінің басқа да арнайы ғылыми байланысындағы бағыттарын оқытудың 
ең тиімді əдісі жəне сөздік қорлардың қалыптасуы мен дамуының кейбір мəселелері қара-
стырылады.
 Кілт сөздер: құзыреттілік, құзыреттілік тəсілі, қатысымдық құзыреттілік, қарым-қаты-
нас құралы, жағдаяттық тапсырма, шығармашылық ізденіс, танымдық қызығушылық.
Қоғамдық өмір жағдайында тілдің дамуына əсер ететін факторлардың бірі қоғамдық-əле-
уметтік өзгерістер десек, Қазақстандағы қоғамдық-əлеуметтік басты мəселелердің бірі – 
еліміздегі өзге тілді ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білуі, тілді қатынас құралы 
ретінде пайдалана білуі болып табылады. 
Еліміз егемендік алып, тіліміздің мəртебесі жоғарылады, ана тіліміздің еркін дамуына 
кең жол ашылды, қазақ тілі - мемлекеттік тіл мəртебесіне қол жеткізді. Тіл мəртебесі – ел 
мəртебесі. Жан-жақты білімділігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлай алатын, 
оны терең меңгерген азаматтар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мəртебесін көтермек. Оның 
қоғамдық аясының кеңеюі оқыту мен үйрету əдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа 
технологияларын қолдануды қажет етеді. Мемлекеттер мен халықтар арасындағы ұлтара-
лық жəне халықаралық қарым-қатынастарға байланысты жоғары ақпараттық-қатысымдық 


359
технологиялардың қарқынды дамуы арқасында қазақ тілі жаңа толықтыруларға ие болуда. 
Сондықтан ұстаздар мен оқытушылар қазақ тілін жетік меңгертуде дидактикалық əдістердің 
тиімділерін пайдаланып, олардың тілді меңгеру құзыреттілігін дамытуы тиіс. 
Қазіргі кезде əдістеме ғылымының бір ерекшелігі – тілді оқып үйретудің жаңа технологи-
яларын шығаруға, оның ұтымды үлгілерін тəжірибеде қолдануға ұмтылуы. Сондықтан білім 
берудің нəтижесі негізінде педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуына, тілді үйретудің жаңаша 
əдіс-тəсілдерін дайындауға, оны тəжірибеде қолданып, ұтымды жолдарын жасап шығаруға əді-
стеме ғылымында көптеген мүмкіндіктер пайда болуда. Өйткені білім беру, оқыту үрдісінің 
жалпы мақсаттарының бірі – мемлекеттік тілді меңгеру, үйрену барысында құзыреттілікті 
қалыптастыру десек, қазіргі оқу үдерісін ұйымдастыру жалпы адамзаттық жəне ұлттық құн-
дылықтар негізінде cтуденттердің құзыреттіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз ете алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 
негізгі ережелерінде: «Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі жəне сыртқы ресур-
старды тиімді іске асыруға дайындық, жеке жəне қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттанды-
ру мақсатында табысты іс-əрекетке дайындық, білім беру жүйесіне əлеуметтік тапсырысты 
құрайды». «Құзыреттілік – студенттердің іс-əрекетін əмбебап тəсілдерін меңгеруінен көрі-
нетін білім нəтижесі» деген түсініктеме берілген [1, 68].
Қазақ тілін қатысымдық бағдарлай оқытуда қатысымдық құзыреттілікке жету үшін жат-
тығу жұмыстарының түрлерін ұтымды таңдаудың маңызы аса зор. Тіл үйренушілер бір-
бірімен қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасулары үшін тапсырмалардың қатысымдылығы 
үлкен роль атқарады. Қатысымдық тапсырмаларды зерттеу ісімен Е.И.Пассов, Б.Л.Скалкин, 
В.С.Коростылев, Н.И.Гришина, Л.М.Войтюк, Г.А.Китайгородская, М.Берман, А.В.Бухбин-
дер, А.Н.Леонтьев т.б. айналысты.
Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы -сабақ барысында 
құрғақ жаттығулардан гөрі қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Соның 
бірі – оқушылардың күнделікті оқу материалын қабылдауын қызықты да, тартымды ететін, 
олардың шығармашылық ізденісін шыңдай түсетін, оқу үрдісінің бірден-бір тиімді тəсілі – 
қатысымдық ойын түрлері болып табылады. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды 
сəулесі қылаң береді. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық,тапқырлық 
əрекет байқатады, сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім 
əлеміне сүңгиді. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол 
қарым-қатынас барысында адамдар іс-əрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойла-
уды үйренеді, жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады, 
кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады. Белгілі ғалым психолог Д.Б.Элкониннің ай-
тқанын еске алсақ: «Ойын – баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нəрсеге үйретеді. Бұл 
нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-əрекетіне бағдар беретін зерттеу тəсілі. 
Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, əлемді танып-білу-
ге бағалауға үйретеді» деп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет