Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Пайдаланылған əдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет220/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   255
Оралбаева

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
1. «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Елба-
сының бес институционалдық реформасы. 21 мамыр 2015ж
2. Н.Құрман. Қазақ тілін оқытудың əдіснамалық негіздері. – Астана, 20058.
3. Қ.Байтанасова. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі. -Астана, 2011.


388
СТУДЕНТТЕРДІҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН 
ЖЕТІЛДІРУ МƏСЕЛЕСІ
Сейталиева Қарлығаш
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ тілі теориясы мен əдістемесі кафедрасы
Əлемдік білім беру кеңістігіндегі озат тəжірибелерді жинақтап, заман талабына сай білімді, 
жан-жақты, дарынды, талантты ұрпақ тəрбиелеу біздің міндетіміз. Білім саласындағы түбегейлі 
өзгерістер əрбір мұғалімнен, мейлі ол көп жылдық өтілі бар тəжірибелі маман болсын, болмаса 
жас кадр болсын жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде 
де, жоғары білім беретін оқу орындарында да жан-жақты білім беретін, ізденетін, талпынатын 
интеллектуалды тұлға тəрбиелеу – кəсіби құзыреттілігі жоғары маманның қолында. 
Қазіргі уақытта Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруде білім алушылардың сыни 
тұрғыдан ойлау мəселесіне педагогика ғылымында ерекше мəн беріліп отыр. Сыни тұрғыдан 
оқыту моделіне білім алушы, оқытушы саналы түрде мəн беріп, оқудағы іс-əрекеттерін сана-
лы жоспарлайды. 
Елімізде білім беру жүйесін жақсартып, болашақта зияткер тұлға тəрбиелеуде педагог ка-
дрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кəсіби 
білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсының маңызы зор деп есептейміз. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемле-
кеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттеріне үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның 
басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көш басында Финляндия, Сингапур жəне 
Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тəн заманауи мақсаттармен жəне құндылықтармен 
барабар[1]. 
Деңгейлік курста таңдап алынған негізгі 7 модульді болашақ педагогтерге оқытуда 
тəжірибе алмасу үстінде детальды талдап, алдағы уақытта нақты қандай бағытта жұмыс 
істейтіндігімізді меңгердік деген ойдамыз.
Сын тұрғысынан ойлау – білім алушылардың қызығушылығын арттырып, тыңдаушыға 
өз ойыңды еркін жəне зерттей талпындырып, тұжырым жасай білуге дағдыландырады. Бел-
гілі бір тақырып бойынша ой қозғау жасай отырып, білім алушының өз ойы мен өзге əріпте-
стерінің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйе-
леп, білмегенін өзі зерттеп, дəлелдеп, тұжырым жасауға бағыттап, өз бетімен жəне бірлесіп 
шығармашылық жұмыс жасауға машықтандырады.
 Мұғалім – əрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Білім алушы – студент, оқушы – 
ізденуші, ойланушы, өз ойын дəлелдеуші. Сын тұрғысынан ойлау модулі – оқу мен жазуды 
дамыту бағдарламасы. Білім алушының мұғаліммен, сыныптас достарымен тілдік комму-
никация, кез келген тақырыпта дискурс жасай білуін, бір-біріне құрметепен, сыйластықпен, 
түсінушілікпен жұмыс істеп, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. 
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дəстүрлі оқытудан негізгі ерекшелігі – білім 
алушыларға білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Студенттерге аталған бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 жылдың қазан айынан 
бастап жүргізіліп келеді. 
“Сын тұрғысынан ойлау” модулі бойынша білім алушыларды сыни ойлауға үйрету үшін 
төмендегі ұстанымдарға сақталды:
Практика уақытында білім алушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 
тез арада іске аспайтындығы, ол үшін уақыт қажет екендігі анықталды;
Білім алушылардың терең ойлануына, ой қорытындысын жасауына жəне өз ойын 
ашық айта білге дағдыландыру, үнемі рұқсат беру мүмкіндіктері жасалынды;


389
Достарының пікірлері мен идеяларын дұрыс қабылдау, өзінің өзқарасын білдіру 
арқылы ортақ бір пікірге келу, белсенді іс-əрекетін қолдау іске асырылды; 
Семинар сабақтарда студенттердің бір-бірінің жауабына жасаған сынының дəлелді, 
дəйекті болуы талап етілді. Білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын бағалау жолдары 
үйретілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет