382
сы осы кешенді жұмысты ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып саналады. Өйткені бұл
технология білімді өздігінен игеру жолының нақты кезеңдерге бөліне жүргізілетін жүйесін
құрайды. Ондағы тақырыпты анықтаудан соңғы тұсаукесерге дейінгі аралықтағы əр кезең
өздік жұмыстарға қойылатын талаптарға орай апта сайын талданып, бекітіліп, жүйеленіп
отырады.
Қазақ тілін сапалы оқып-меңгеруі үдерісін жобалай оқыту технологиясы арқылы ұй-
ымдастыратын əдістемелік жүйеде қазақ тілінен сапалы білім берудің түпкі мəні студентке
қазақ тілі бірліктерімен (дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мəтін) тікелей жұмыс жаса-
умен шектелуге немесе студенттің өз бетімен білім алу мəселелерін өз бетімен ғана шешуі
сияқты біржақтылыққа орын берілмейді. Бұл жерде
саналылық ұстанымы берік орын алады,
яғни студент пен оқытушының біріккен оқу-танымдық іс-əрекетінің үйлесімділігі қажет бо-
лады. Жоба дайындаудың басты мəні, түпкі мақсаты – студенттің саналы білім алуы. Өйткені
студент оған енетін əрекеттің барлығын оймен бағамдап, жоспарлап, саналы түрде жүзеге
асырады.
Тіл үйренушінің қазақ тілін сапалы оқып-меңгеруі үдерісін жобалай оқыту технология-
сы арқылы ұйымдастыруда студенттерге ұсынылатын білім мазмұны маңызды орын алатыны
белгілі. Білім мазмұнын анықтауда оқу курстарын ұйымдастыруға тірек етіп алынатын оқу
жоспарлары, оқу бағдарламаларының мəні зор. Сондықтан білім беру басталғаннан бергі пе-
дагогика тарихында пайда болған білім мазмұны туралы пікірлер қазіргі кездегі ерекшелік-
тердің аясына тоғыса келе,
білімніңжан-жақтылығы мен толықтығы ұстанымына жүгіну-
ді қажет деп санайды. Жан-жақтылық бір мəселені əр қырынан тану, білу, орындау арқылы
жүргізілсе, онда бұл жерде де жобалай оқыту технологиясының өзіндік артықшылықтары
бар. Жобалай оқыту студенттің интеллектуалдық жағынан да, психологиялық жағынан да,
əлеуметтік-мəдени дағдыларын дамыту жағынан да саналы əрекет етуге мүдделі етеді. Жоба
– студенттің проблеманы өздігінен жол тауып шешуін талап етеді, яғни ол бар ақыл-ойын
соны шешуге жұмсайды. Ақылмен өлшеп білген мəселесін көпшіліктің алдында өз деңгей-
інде қорғау үшін ол іштей психологиялық дайындықтар жасайды. Өзгелердің жағымды қа-
тынасын тудыруға қажетті түрлі амал-тəсілдерді ойластырады. Соңында ол дұрыс жоба жа-
сау үшін сөйлесім əрекетінің компоненттерін толық қамти отырып дайындаған
тұсаукесерін
шеберлікпен жеткізуге ұмтылады. Міне, мұның бəрі студенттің білімінің жан-жақтылығын
қажет етеді.
Жобалай оқыту технологиясы арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің арнайы ұстанымда-
ры ретінде:
- проблеманы қою жəне уəждеме тудыру (іздену белсенділігі)
ұстанымы;
- грамматиканы танымдық тұрғыда (алгоритмдер, кестелер, диаграммалар арқылы) мең-
герту ұстанымы;
- қайталау (түрлі жаттығу – тапсырмалар арқылы қайталау) ұстанымы;
- субъектінің өз əрекетін жоспарлау (ойын түрлерінде тапсырманы орындау) ұстанымы;
- интеграциялау (басқа пəндер бойынша алған білімін пайдаланып, өз бетінше жаңа білім
жинақтау) ұстанымы белгіленді.
Осы айтылғандарға
сабақтастыра отырып, өзгетілді дəрісханалардағы қазақ тілін мең-
герту үдерісінде əдіскер-ғалым Қ.Қадашева айқындаған
когнитивті, аффективті жəне
Достарыңызбен бөлісу: