Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет225/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   255
Оралбаева

Пайдаланған əдебиеттер:
1. Бейімбет Майлин. Шығармалар. Үшінші том. Қазақтың мемлекеттік Көркем əдебиет 
Баспасы. Алматы 1962ж.
2. Бейімбет Майлин. Шығармалар. Төртінші том. Қазақтың мемлекеттік Көркем əдебиет 
Баспасы. Алматы 1962ж.
3. Т.Бейісқұлов «Бейімбетті атқан кім?» Деректі эссе-толғау «Толғанай Т» баспасы Ал-
маты 2000. 
4. 4.Т.Бейісқұлов Бейімбет Майлин публицистикасындағы сын белгілеріЖұлдыз. - 2011. 
- №11 169б.
Е.Тұрғынов. Абай ат. ҚазҰПУ 90 жылдық мерейтойына арналған «Алаш зиялыларының 
ғылыми-əдістемелік мұралары: Дəстүр мен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-прак-
тикалық конференция материалда
ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА СӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫ 
ЖҮРГІЗУ ƏДІСТЕМЕСІ
Шадман Люлифар Хажиматқызы, 
1-курс магистранты, Абай атындағы ҚазҰПУ
Түйіндеме
Мақалада білім алушылардың тілін дамытуда сөздік жұмысының маңызы мен оны 
жүргізудің əдіс-тəсілдері сипатталған.Сөздік жұмысына қойылатын талаптар мен ди-
дактикалық шарттар əдіскер ғалымдардың пікірлерімен дəйектелген.
Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын 
білетін немесе түсінбейтін сөзердің мағынасын анықтауда мыңызы зор.Сондай-ақ сөздік 
жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, əңгіме айтуға, 
шығарма жазуға көмектеседі[1,1].
Əдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу əдісінің маңыздылығына 
тоқтала келіп, «Сөздік жəне лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық ту-
дырады, олар тығыз байланысты.Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» — дей 
келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз 
тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.
Сөздік жұмысының ерекшелігі : тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тəрбие жұмы-
сының барлық салаларында жүргізіледі.Өлең, əңгіме, мысал, мақал-мəтелдер т.б білу арқылы 
баланың тілі дамиды.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Ал, сөздік жұ-
мысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылы-
сын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құ-
былыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді[2,156].
Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дəл ойлауға үйретеді, оның творче-
ствалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге 
бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы жəне сол сияқты əр адамның байлығы.Сон-
дықтан мектепте оқушыларға сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор.
Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, əрі жазбаша, дəл, жүйелі жеткізуі-
не қиындық келтіреді.Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мəні зор.
Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып кеңітсе, екіншіден үйренген сөздерін
қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден сөзді үйрену арқылы бала тіл норма-


402
сымен сөйлеп үйренеді. Сөздік жұмысын жүргізуге мынадай негізгі методикалық талаптар 
қойылады:
Мазмұнды сөйлеу Жүйелі сөйлеу
Ойдыайқын,сендіре, оқушысына немесе таңдаушысына əсер етебілушеберлігі.Мұнда 
тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы əңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық 
үлкен роль атқарады. Оқушы өз ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндап беретін болуы 
шарт.Бала өзі жақсы білетін материалын алдын-ала талдап, жинақтап,əуелі не жөнінде т.б. 
жобалап алуға тиіс.Сөз, сөйлемді дұрыс құрмау, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан, 
бір ойдың қайталануынан сақ болған жөн, белгілі бір жүйемен баяндауға үйренген жөн.
Мəнерлі сөйлеу Дəл сөйлеу барысында əр сөздің стилистикасына, сөздің əсеріне, көр-
кемдік жағына көңіл бөлу керек.Бастауыш сынып оқушылары сөзге мəн, мағына беріп үй-
ренсе, үлкен жетістік, өйткені сөз арқылы ғана ойды жеткізуге болады.Мəнерлі сөйлеу тілге 
деген талғамды, сөзге деген сезімді тəрбиелейді. баланың сөйлеу тілінде дəлділік қажет.
Əрбір сөз дұрыс айтылуы, дыбысталуды керек етеді.Онсыз сөз мағынасы, əсері болмақ емес 
[3,46].
Сөздік жұмысы оқу сабағында мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:
1.Балалардың сөздігін байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөз-
дер үйрету. 
2.Белгілі жəне жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген 
сөздермен салыстыру арқылы жаңа контекске пайдалану.
3.Сөздің стилистикалық рөлін жəне лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету.
4.Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғала-
рын аңғарту, өмірмен байланысты жүргізу.
5.Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын 
нақтылау.
6.бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына əдеби тілге жатпайтын сөздерді ен-
дірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу.
7.Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни əрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем 
құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.
Сөздікті байытудың негізгі көзі – оқулықтағы мəтін, жаттығулар, тапсырмалар жəне 
мұғалімнің сөзі.сондықтан оқулықтардағы ұлы классик сөз маржаны ауыз əдебиет үл-
гілірінен мақал–мəтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқып, сусындап отырғандары жөн.Оқушы 
оқыған мəтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі 
қадағаланады, яғни балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек[4, 96].
Шығармада кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру 3 кезеңде жүргізіледі: 
I. Шығарманы оқуға дайындық кезеңінде.
II. Шығарманыоқу барысында.
III. Шығарманыоқып шыққаннан кейін
Өлең оқу барысында сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болғаннан соң 
ғана жүргізіледі.
Осы кезеңдерге тоқталар болсақ, мəтіннің мазмұнын түсіндіруге кедергі жасайтын сөздер 
дайындық кезінде түсіндіріледі. Ал, тіркестері синоним, антоним, көп мағыналы сөздерді 
түсіндіру мəтін оқылғаннан кейін, шығарманың мазмұнын талдау барысында жүргізіледі.
Сөйтіп, мұғалім мəтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден мəтінді дұрыс қабылдауға қа-
жетті сөздерді, екіншіден оқу барысында мағынасы ұғындырылатын сөздерді, ал, үшіншіден 
оқушылардың сөздігіне енгізілетін сөздерді іріктеп алады.
Психологтардың айтуынша сөздік жұмысының əдістемесіндегі басты талап – сөз бен ба-
лалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру (өйткені сөз бейнесі 
санадағы нақты елес жеткіліксіз болса, туа қоймайды)


403
Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тəсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:
1. Затты табиғи жағдайда бақылау немесе көрсету, экскурсия ұйымдастыру.
2. Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздің мағынасын ашып көрсету.
3. Синоним сөздер қолдану: «қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай 
айтар едік?» деген сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қа-
тыстыру.
4. Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы да түсіндірген пайдалы. 
Мысалы: тетелестері сөзінің түбірі қайсы? т.б
5. Сөздерге анықтама беру арқылы түсіндіруге болады. Мысалы:
Аэродром – ұшақ ұшып, қонатын алаң т.с.с
1. Абстракциялы ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп, 
əңгіме айтылады. Мысалы: батырлық, адамгершілік т.с.с. сөздердің мағынасы осы əдіспен 
түсіндіріледі.
2. Сөздердің мағынасын түсіндіруге техникалық құралдардың біраз пайдасы бар.
Сөздік жұмысы шығармада кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен 
ғана бітпейді. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа көріністерді бай-
қау сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушылардың ойын, тілін 
дамытады, эстетикалық талғамын арттырады[2, 59].
Тіл дамытуда көркем шығармалар тілінің бейнелік құралдарын үйретудің алатын орны 
ерекше.
Көркем шығармадаауыспалы мағыналы бейнелі сөздер көптеп кездеседі. Оларды таны-
туда оқушылармен істелетін жұмыстың бастылары:
1. шығармадан сөздерді табу.
2. Бейнелі сөздердің, сөз тіркестерінің мəн-мағынасын түсіндіру.
3. Мұғалімдердің сұрағы бойынша сөз арқылы бейнелеу, көз алдына елестету.
4. Осы сөздерді өздері құрастырған əңгімелерінде пайдалануын қамтамасыз ету.
5. Дауыс ырғағын келтіру, мəнерлеп оқу.
6. Теңеу, эпитеттер табуға жаттығулар жасау .
Қандай тіл болмасын оның лексикалық байлығы мен оралымдылығы синонимдер арқылы 
көрінеді. Ал, қазақ тілі синоним сөздерге ең бай тілдің бірі болып табылады. Бастауыш сы-
ныптарда синонимдер туралы ешқандай теориялық мəліметтер берілмейді, бірақ олармен 
жұмыс жүреді.
Сөздік жұмыстарының ең маңызды бөліктерінің бірі – оқушылардың үйренген сөздерінің 
белсенділігін арттыру. Ол үшін сабақ сайын жүйелі түрде арнаулы тапсырмалар ойласты-
рылып отыруы керек.
- Үйренген сөздерін кірістіріп сөз тіркестерін құрау;
- Үйренген сөздерін қатыстырып сөйлем құрау;
- Осы сөздерді қатыстырып мəтінге жақын əңгімелеу т.б.
Оқушы өзінің үйренген сөздерін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсе, оның ақыл ойын 
дамытуға əсер етеді. Бұл жөнінде Л.Н.Толстой: «Балаға үйренген сөзін қолдана білуіне 
жағдай жасау керек, үйренген сөзін сөйлеу тілін өзінің ауызекі сөйлеуінде бір рет қолдан-
са, ол өзінің жеке меншігіне айналады» — деп айтқан еді. Демек, сөзді орынды қолданып, 
оның мағынасын жетік білетін бала өз бетімен сөйлем құрап, оның мағынасын түсініп, сөй-
леу тілінде шебер қолданатыны сөзсіз. Оқушыны өз ойын айта білумен бірге жаза білуге де 
дағдыландырукерек. Мұғалім сөз тіркесін жəне сөйлемді құрату арқылы оқушыны тілдік 
фактілерді орынды қолдана білуге,əсіресе синонимдік қатарларды, сөзді талғап, таңдап қол-
дануға үйретеді. Сонда ғана баланың жазған мазмұндама, не шығармасы талапқа сай болады, 
жазба тілі дамиды. Ауызша тіл кітап оқу, əңгімелеу арқылы көрінсе, жазбаша тіл дамыту 
мазмұндама, шығарма т.с. жазу жұмыстары арқылы іске асады. Бұл жұмыстардың қайсысы 


404
болсын, сөз арқылы оқушыны дəл ойлауға, үйретуге, оның творчестволық қабілетін артты-
руға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Ауызша 
жəне жазбаша (мазмұндама, шығарма) жұмыстарын дидактикалық принципке сүйене оты-
рып оқушылардың ойы мен тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман талабы қазақ əдебиетін жас ұрпаққа үйретудің тиімді əдістемесі жасалуын 
қажет етіп отырғаны белгілі.
Өйткені, халқымыздың тарихи асыл мұрасы тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана – 
сезімдерін, дүниетанымын кеңейтіп, ой дəлдігіне сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төсілдіру – аса 
игі іс. Мектептегі білім беру жүйесіне көз жіберсек, ана тілін оқытудағы басты мақсат – баланың 
ой-өрісіне, сөйлеу мəдениетіне үйретіп, шешен де шебер сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сон-
дықтан шығарманы талдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерін бір жақты ұйымдасты-
рмай, оқушылардың сөйлеу, пікір алысу дағдыларын ұштай түсу мақсатын көздеп отырған жөн.
Сөйлеу – физиологиялық та процесс. Бала мектепке дейін – ақ едəуір дəрежеде ана тілінде сөй-
леу дағдыларын алады. Ал мектепте əдеби тілдің нормасы, грамматикалық синтаксистік заңда-
рымен танысады. Дұрыс жаза, сөйлей біле дағдыларын жетілдіріп тіл байлығын молайта түседі.
Баланың ойлауын жетілдіріп, тілін байыту жолдарының бірі – сөздік жұмысын жүргізу.
Сөздік жұмысы мəтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана 
бітпейді. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу т.с.с жұмыстармен тығыз 
байланысты. Мұндай жұмыстар оқушының ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын 
арттырады.
Тіл дамыту жұмыстары мынадай принциптерге негізделе жүргізіледі:
1. Сөйлеумен ойлаудың бірлігі принципі
2. Ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір – бірімен байланыстылық принципі.
3. Грамматика, орфография, пунктуация жəне əдебиетпен байланыстыра жүргізу прин-
ципі[5, 87].
Сөздік жұмысын үнемі бір қалыпта жүргізуден оқушы жалығады. Сол себепті оны 
мүмкін болғанынша, түрлендіріп отырған жөн. Осы мақсат тұрғысынан жүргізілген 
жаттығу жұмысының бірінде көркем мəтінде кездескен мағынасы түсініксіз сөздерді 
оқушыларға бірде олардың синонимдері арқылы түсіндірсек, енді бірде қарсы мəнді сөз-
дерді ойластырамыз. Мұндай жаттығу жұмыстары түрленіп қана қоймайды, бұл тапсы-
рманы орындау нəтижесінде тіліміздегі сөздердің жақын мағыналы жəне қарама-қар-
сы мəнді болып келетінін таниды. Сөйтіп, олар білімнің жаңа бір басқышына көтеріледі.
Сондай-ақ затты табиғи жағдайда бақылау, экскурсия, суреттерді жəне анықтама беру арқылы, 
морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздердің мағынасын түсіндіруге болады.
Сонымен бірге тіліміздегі архаизм, неологизм, жергілікті сөздерге де арнайы жаттығулар 
жүргізуге болады.
Мұндай жұмыстар оқушының ойлауын дамытып, орынды сөйлей білуге үйретеді, сөзді-
гін жаңа ұғымдармен молайтып, логикалық ойлауын жетілдіре түседі. Оқу сабағында мəтін-
ді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше, мақсатқа жету мүмкін емес. Сон-
дықтан сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алғаны абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет