Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


дік қолтаңбасы мен қалыптастырған мектебі бар, тіл білімі ғылымын жетілдірудегі



Pdf көрінісі
бет32/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   255
Оралбаева

дік қолтаңбасы мен қалыптастырған мектебі бар, тіл білімі ғылымын жетілдірудегі, 
жаңалық əкелудегі жетістіктері мол, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, тағылым.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім 
беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының құр-
метті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор ОралбайНұржамал Орал-
байқызын90 жасқа толумерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, 
жемісті еңбек, шығармашылық табыс тілеймін. 
Əдебиеттер тізімі:
1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1989. – 368 б.
2. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 
1988. – 104 б.
3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. – Алматы, 2001. – 213 б.


57
2-СЕКЦИЯ. ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ ЖƏНЕ ГРАММАТИКА МЕН 
СӨЗЖАСАМ МƏСЕЛЕЛЕРІ
ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ МАҒЫНАСЫ
Ажарбекова Э.Н.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.
In article the problem motivation of word meanings is considered, the review of scientifi c research 
about word-formation value in the Kazakh linguistics becomes. The author of article defi nes types 
of word-formation values and analyzes their validity, motivation, change and transformation in 
language. Subjecting to the linguistic analysis the derivative words formed by a synthetic, lexico-
semantic and analytical way of education comes to a conclusion about what values of derivative 
words depends on values of their bases therefore it is necessary to consider constant sign of 
derivative words validity value.
Ұлттық өмірдің айнасы іспетті болып табылатын халықтың болмыс-тіршілігінің, мə-
дениетінің көп құпия қырлары мен сырлары тіл арқылы ашылатыны белгілі. Тіл - əрбір 
адамның өмір бойы қолданатын ең маңызды құралы. Тіл – ғылым. Əрбір ғылымның туу, 
қалыптасу, даму, өркендеу кезеңдері бар. Тіл ғылымы да бүгінгі күнге дейін осы кезеңдерді 
басынан өткізді. Тіл ғылымының дамуы тілге қатысты сан алуан сұрақтардың туындап, олар-
дың заңды жауаптарының табылуымен байланысты. Тіл білімінің дамуы барысында тілге 
қатысты мəселелер түрлі деңгейде, түрлі тəсілдермен қарастырылып бүгінгі таңда сан алуан 
заңдылықтар қалыптасты. 
Басқа да ғылым салаларындағы сияқты тіл білімінде əлі де толық шешімін таппаған кей-
бір мəселелер жəне олар жайында əртүрлі пайымдаулар бар. Қазақ тіл білімінде бүгінгі күнге 
дейін түпкілікті шешімін таппаған сондай мəселелер сөзжасам саласына қатысты. Қазіргі 
таңда сөзжасам саласына қатысты мəселелер бір жүйеге келтіріліп, зерттелген жоқ. 
«Сөзжасам тілдің атау (номинация) жасау қызметін жүзеге асырады. Сөзжасам тіл 
білімінің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол – 
сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Сондықтан сөзжасам жаңа сөз жасаудың 
барлық мəселелерін түгел қамтиды. Оған сөзжасамдық бірліктерден бастап, сөзжасамдық 
ұя сияқты ірі, күрделі сөзжасамдық бірліктерге дейін кіреді. Сөзжасамдық нұсқалардың 
сөзжасамда атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тəсілдері, сөзжасамдық 
нұсқалардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын 
сөзжасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, сөзжасамдық ұяның құрамындағы 
мүшелердің қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар сөзжасам-
ды тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Бұл мəселелер тек сөзжасамға ғана қатысты. 
Олар тілдің басқа ешбір саласында шешілмейді, өйткені ол мəселелер тілдің басқа салала-
рында қойылмайды да. Өйткені олар тек сөзжасам саласының зерттеу нысанасына жатады». 
Ендеше сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заң-
дылықтарды зерттейді.
Ғылыми зерттеулерде сөзжасам саласы бойынша туынды сөздердің мағыналық құрылы-
мы зерттеу нысанына алынған. Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық тұлғалардың қаты-
сынан туған туынды мағына. Сөзжасамдық мағына сөздің лексикалық жəне грамматикалық 
мағыналарынан ерекшеленеді.
Ғалым Н.Оралбаева сөзжасамдық мағынаның сөзжасам саласындағы негізгі мəселе екен-
дігін айтып, оның лексикалық деривация жəне синтаксистік деривация болып бөлінетіндігін 
айтады [1,59]. Ғалым А.Салқынбай: «Сөзжасамдық мағына – ең алдымен, туынды мағына. 


58
Ол екі сөз тудырушы тұлғалардың бірігуі не қосарлануы немесе негізге сөз тудырушы жұр-
нақтың жалғануы арқылы пайда болатын екіншілік мағына. Жаңадан пайда болған екіншілік 
мағына оны жасаушы сыңарлар мағынасының негізінде жасалып, денотаттық мағына бір-
лігін белгілейді де, номинативті атауды анықтайды. Демек, екіншілік мағына – сөзжасам-
дық мағына» [2,320] деген пікір білдіріп, сөзжасамдық мағынаның лексикалық, грамматика-
лық мағыналардан айырмашылығын талдап, сөзжасамдық мағына туғызудағы сөзжасамдық 
тұлғалардың қызметіне сипаттама берген.
А.Салқынбай: «Сөзжасамдық мағына – күрделі əрі ерекше сема. Оның күрделілігі құра-
мында тұлғалардың семалық құрамымен байланысты. Денотаттық жəне сигнификаттық 
мағынанаң қалыптасуында сөзжасамдық тұлғаның барлық семалары қатысуы шарт емес. 
Белгіленетін зат не құбылыстың ерекше номинативтік белгілеріне байланысты түбір не негіз 
өздерінің ерекше семалары арқылы жаңа екіншілік арнайы сема қалыптастырады. Бұл қа-
лыптасқан арнайы сема туынды сөздің жаңа сөзжасамдық мағынасын құрайды» [2,322] дей 
келе, сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық тұлғалардың негізгі жəне ауыспалы семалары 
арқылы, сөзжасамдық тұлғалардың метафоралануы арқылы жасалатындығын айтады.
Сөзжасам саласында сөзжасамдық мағына түрлері турасында пікірталас тудыратын 
жайттар кездеседі. «Қазақ грамматикасында» сөзжасамдық мағынаның негізділігі, түрлен-
дірілуі, көшірілуі, теңбе-теңдігі мəселесі сөз етілген. Мұнда сұрақ туындататын мəселе – 
мағынаның негізділігі. 
«Қазақ грамматикасында» туынды сөздің сөзжасамдық мағынасының негізділігі жөнінде: 
«Негіз сөз жасалатын туынды сөздің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланы-
сты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шығады. Мысалы, балтала, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет