3. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру. ҚК-тің 33-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-
әрекет жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол
сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер
мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы
үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып
табылмайтындығы көрсетілген.
Ал, егерде адамға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін қажетсіз
зиян келтiрілген кезде, ұсталатын адам жасаған құқық бұзушылықтың сипаты
мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне және ұстап алудың мән-жайларына олардың
анық сай келмеуі, қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті
шаралар шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығу қасақана зиян
келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Қылмыстық заңда сонымен қатар қолсұғушылық жасаған адамды ұстап
алуға бұған арнайы уәкiлеттiк берілген адамдармен бірге жәбiрленушiлер мен
басқа азаматтардың да құқықтары берілген.
4. Аса (мәжбүрлi) қажеттiлiк.Аса қажеттілікке қатысты ҚК-тің 34-
бабының бірінші бөлігінде:"Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса
қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне,
денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе
мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян
келтiру, егер бұл қауiптi өзге амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл ретте
аса қажеттiлiк шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыстық құқық бұзушылық
болып табылмайды" делінген. Төнген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және
қауіп жойылған жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру, құқық қорғау
мүдделеріне болдырмай тасталған зиянға тең немесе оған қарағанда неғұрлым
елеулі зиян келтірілген жағдайда, аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады.
Мұндай шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана
жауаптылыққа әкеп соғады.
46
Мұңдай жағдайда келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиян
мөлшерінен кем болғанда ғана аса қажеттілік болады.