7
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады.
Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып,
міндеттер атқарады.
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар
үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,
сондай-ақ
міндеттер атқарады.
Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға,
конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да
болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен
көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру
оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы
ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер
төндіретін деректер мен
жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке
әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат
байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Қылмыстық заңдағы аталған мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қылмыстық
заңда қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленгені, жеке адам, қоғам немесе
мемлекет
үшiн
қандай
қауiптi
іс-әрекеттердің
қылмыстық
құқық
бұзушылықтарға жататыны, яғни қылмыстар немесе қылмыстық теріс
қылықтар болып табылатыны айқындалған, оларды жасағаны үшiн жазалар мен
өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленген.
Қылмыстық құқықтың жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлім
Қазақстан Республикасы
қылмыстық заң нормаларының
міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс және қылмыстық теріс қылық, жаза
ұғымын, қылмыстық заңнын түсінігін анықтайды; қылмыстық жауаптылықтың
негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық іс-әрекетті
жоятын мән-жайлардың түсінігі, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары, қылмысқа
қатысу ұғымы және түрлері, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындау
немесе Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелерін және т.б.
мәселелерді зерттейді.
Ерекше бөлімде
нақты қылмыс құрамдары
және қылмыс құрамдары бар
әрекет жасағаны үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: