Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет6/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
 
 



2.Қылмыстық құқықтың қайнар көзі. Қазақстандағы қылмыстық 
құқықтың бірден-бір жалғыз формальды қайнар көзі — 2014 ж. қабылданған  — 
Қылмыстық кодекс болып табылады. 
Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар Қылмыстық кодекске 
енгiзілгеннен кейiн ғана қолданылуға жатады. 
Қылмыстық кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына және 
халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен 
нормаларына негiзделедi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары 
заңдық күші бар және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. 
Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары 
арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері 
қолданылады. Осы Кодекстің конституциялық емес деп танылған, оның ішінде 
адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында 
бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын нормалары 
заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды. Қазақстан Республикасы 
Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары 
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының құрамдас бөлігі болып 
табылады. 
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы 
Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартта оны қолдану 
үшін заң шығару талап етілетіннен басқа жағдайларда олар тікелей 
қолданылады (ҚР ҚК 1 бап.). 
Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстық-құқықтық 
сипаттағы бірқатар нормаларды қамтиды мысалы, ҚР Конституцияның 15 
бабында: «Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн 
қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн ең ауыр 
жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамның кешiрiм жасау 
туралы өтiнiш ету хақы бар» деп, атап көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет