5
1 Тақырып: Казақстан Республикасы қылмыстық құқығының
түсiнiгi, мiндеттерi, жүйесi, қайнар көздерi және қағидаттары
Мақсаты: қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде
қарастыру, қылмыстық заңдардың міндеттерін, жүйесін түсіндіру,
қылмыстық құқықтың ғылымы қағидаларын зерттеу
Жоспар:
1.Қылмыстық құқықтың түсiнiгi, мiндеттерi және жүйесi
2.Қылмыстық құқықтың қайнар көздерi
3.Қылмыстық
құқықтың қағидаттары
1.Қазақстанның қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және
жүйесі. Қылмыстық құқық дегеніміз — құқық саласының негізгі түрлерінің бірі
ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі мен белгілерін, қылмыстық
құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылықтың
негізі мен шектерін,
сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын
анықтайтын құқықтық нормалардын жиынтығы. Сондай-ақ құқықтың тиісті
саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де
қылмыстық құқық болып
табылады. Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға
қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет
белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және
қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке
тұлғалар қылмыс субъектісінің,
сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық
жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар
рөлін атқаруы мүмкін.
ҚР Қылмыстық құқығында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды,
ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады.
Қылмыстық кұқықтың ерекшелігі мен
мазмұны оның алдына қойған
мiндеттерімен байланыста. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-
бабының бірінші бөлігінде осы
кодекстің мынадай міндеттері айқындалған:
- адамның және азаматтың құқықтарын;
- бостандықтары мен заңды мүдделерін;
- меншікті;
- ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін;
- қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті;
- қоршаған ортаны;
- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық
тұтастығын;
- қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін
қоғамға қауіпті
қол сұғушылықтан қорғау;
- бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау;
- қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу.