Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


 Тақырып: Жаза тағайындау



Pdf көрінісі
бет53/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
15 Тақырып: Жаза тағайындау 
 
Мақсаты: жаза тағайындаудың жалпы негіздерін, қылмыстық 
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын 
түсіндіру, қатысты жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың жиынтығы 
бойынша, қайталануы жағдайда үкімдердің жиынтығы бойынша жаза 
тағайындауды түсіндіру 
 
Жоспары: 
1.Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi 
2.Қылмыстық жауаптылық пен жазаны женiлдететiн және ауырлататын 
мән-жайлар 
3.Белгiлi бiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазадан гөрi 
неғұрлым жеңiл жаза тағайындау 
4.Аяқталмаған қылмыс үшiн, сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық 
құқық бұзушылық үшiн және қылмыстардың қайталануы қылмыстардың 
қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау 
5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза 
тағайындау 
6.Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау 
7.Шартты түрде соттаудың түсiнiгi 
1. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi. Қазақстан Республикасы 
Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де заңды 
күшіне енген сот үкiмi болмай қылмыс жасауда кiнәлі деп танылуға жатпайды 
және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген ережелерін негізге ала 


70 
отырып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына, 
сотталушының қызметтегi және қоғамдағы дәрежесіне қарамастан, әрбiр 
қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет. 
Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi қылмыстық заңның 52-бабында 
нақты көрсетілген.  
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға 
Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында белгiленген шектерде 
және Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiгiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл 
жаза тағайындалады. 
Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға оның түзелуi және жаңа 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi 
жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн 
көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi 
қамтамасыз ете алмайтын болса ғана, ол үшiн көзделгендерi арасынан 
неғұрлым қатаң жаза түрі тағайындалады. Жасалған іс-әрекет үшiн Қылмыстық 
кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi баптарында көзделгеннен неғұрлым қатаң 
жаза Қылмыстық кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша 
тағайындалуы мүмкiн. Жасалған іс-әрекет үшiн Қылмыстық кодекстiң Ерекше 
бөлiгiнің тиiстi баптарында көзделгеннен онша қатаң емес жаза тағайындау 
үшiн негiздер Қылмыстық кодекстiң 55-бабында айқындалады. 
Жаза тағайындау кезiнде ескерілетін мән жайлар: 
-қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк 
дәрежесi; 
- кінәлі адамның жеке басы
- оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi 
оның мiнез-құлқы; 
- жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар; 
-тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне және оның 
отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына 
ықпалы ескерiледi. 
Қылмыстық кодексінің 52-бабында (бұдан әрі – ҚК) көрсетілген жаза 
тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтағандары, сондай-ақ 
қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы бойынша қай санатқа 
жататындығын, қылмыстың қайталануын және оның түрлерiн, қылмыстық 
құқық бұзушылықты жасау кезеңін, сотталушының қылмыстық құқық 
бұзушылықты жасау кезіндегі қатысу дәрежесін, қылмыстық құқық 
бұзушылықтың мақсатына жету үшiн оның әрекеттерінің маңызын және 
келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның сипаты мен мөлшеріне 
ықпалын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығының болуын, 
жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлардың 
болуын, сол қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаға қарағанда 
неғұрлым жеңiл жаза тағайындау негiздерiн ескерулері қажет.


71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет