75
құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және іс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi
дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты
топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа
қатысушы топтың жасаған іс-
әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескен кезде, Қылмыстық кодекстiң Ерекше
бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы
мүмкiн не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн
тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн
қолданбауы мүмкiн.
Жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың
жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.
ҚК 55 бабының екінші немесе үшінші бөліктерінде
көрсетілген мән-
жайлар болған кезде, жаза Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті
бабында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: