4.Аяқталмаған қылмыс үшiн, сыбайлас қатысып жасалған
қылмыстық құқық бұзушылық үшiн және қылмыстардың қайталануы
қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау.
Аяқталмаған қылмыс (56-бап.) үшiн жаза тағайындау кезiнде мән-
жайлардың себебiнен қылмыс ақырына дейiн жетпеген сол мән-жайлар
ескерiледi.
Қылмысқа дайындалғаны үшiн жазаның мерзiмiн немесе мөлшерiн
Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi бабында аяқталған қылмыс үшiн
көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе
мөлшерiнiң жартысынан асыруға болмайды.
Қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмiн немесе мөлшерiн
Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi бабында аяқталған қылмыс үшiн
көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрiнің ең жоғары мерзiмiнiң немесе
мөлшерiнiң төрттен үшінен асыруға болмайды.
Қылмысқа дайындалғаны үшiн және қылмысқа оқталғаны үшiн өлiм
жазасы мен өмiр бойына бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн
жаза тағайындау (57-бап.) кезiнде оны жасауға адамның iс жүзiнде қатысу
сипаты мен дәрежесi, осы қатысудың қылмыстық құқық бұзушылық мақсатына
жетудегі мәнi, оның келтiрiлген немесе келтiрілуi мүмкiн зиянының сипаты мен
мөлшерiне ықпалы ескерiледi.
Сыбайлас қатысушылардың бiреуiнiң жеке басына қатысты жауаптылық
пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол сыбайлас
қатысушыға жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiледi.
Қылмыстардың
қайталануы
немесе
қылмыстардың
қауiптi
қайталануы жағдайында жаза тағайындау (59-бап.) кезiнде бұрын жасалған
қылмыстардың саны, сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы
жазаның түзету ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жайлар, сондай-
ақ жаңадан жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi
ескерiледi [12].
|