90
2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi. ҚК-тің 81-
бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға мынадай жаза түрлері тағайындалады:
1) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
2) айыппұл;
3) түзеу жұмыстары;
4) қоғамдық жұмыстарға тарту;
5)
бас бостандығын шектеу;
6) бас бостандығынан айыру.
Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде,
Қылмыстық
кодекстiң 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа,
оның өмiрi мен
тәрбиесiнiң жағдайлары,
психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де
ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы жағынан үлкен
адамдардың ықпалы
ескерiледi.
Кәмелетке толмаған жас жеңiлдететiн мән-жай ретiнде басқа да
жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескерiледi.
Достарыңызбен бөлісу: