131
3) осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін көтерме
сауда арқылы өткізуге жəне жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының резидент-банкінде
инвестициялық
бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шот ашуға жəне
инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаржы
қаражатын мақсатты пайдалануды жүзеге асыруға;
5) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уəкілетті
орган бекітетін
тəртіпке сəйкес инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы
есептілік ұсынуға;
6) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уəкілетті
органға
технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын
жүргізудің жылдық кестесін бекітуге ұсынуға жəне осы кестені бұзбауға;
7) мұнай өндіру саласындағы уəкілетті
органға ведомстволық
статистикалық байқау немесе əкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы
статистикалық деректерді немесе бастапқы əкімшілік деректерді ұсынуға;
8) мұнай берушілерге шикі мұнайды жəне (немесе) газ конденсатын
өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
9) мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген ең аз көлемін орындауға
міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6), 8) жəне 9) тармақшаларында
көзделген міндеттер қуаты аз мұнай
өнімдерін өндірушілерге
қолданылмайды.
3. Мұнай өнімдерін өндірушілерге:
1) шикі мұнайды жəне (немесе) газ конденсатын өткізуге;
2) құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін
статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір,
марганец, қорғасын жəне
басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіруді жүзеге
асыруға;
3) екі жəне одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай
өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануына.