Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан


 Шикі мұнайды жəне (немесе) газ конденсатын



Pdf көрінісі
бет60/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
BURXANOVUH

7.3. Шикі мұнайды жəне (немесе) газ конденсатын 
өңдеуді жəне мұнай өнімдерін беруді
мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері 
1. Мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін 
қамтамасыз ету жəне Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай 
өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 
желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уəкілетті 
орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді 
қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өңдеу жоспарын 
бекітеді. 
2. Мұнай өңдеу жоспары шикі мұнайдың жəне (немесе) газ 
конденсатының көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші 
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды 
тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің 
тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын өңдеуге міндетті. 
3. Мұнай өңдеу жоспары көктемгі егіс-дала жəне жиын-терін 
жұмыстары кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді, сондай-
ақ жылу беру маусымы кезеңінде - жылумен жабдықтаушы ұйымдарды 
мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді есепке ала отырып жасалады. 
4. Мұнай берушілер жыл сайын, 30 қарашадан кешіктірмей, мұнай 
өнімдерін өндіру саласындағы уəкілетті органға алдағы күнтізбелік жылға 
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикі 
мұнайдың жəне (немесе) газ конденсатының жоспарланған көлемін, берілу 
мерзімдерін жəне өндірілген мұнай өнімдерін беру бағыттарын көрсете 
отырып, шикі мұнайды жəне (немесе) газ конденсатын беруге өтінімдер 
жібереді. 
5. Мұнай өнімдерін өндіруші мынадай: 
1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың 
жəне (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжаттың 
болуы; 
2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың жəне (немесе) газ 
конденсатының сапасын растайтын құжаттың болуы; 
3) өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі 
автожанармай құю станциялары немесе резервуарлар арқылы өңдеу 
нəтижесінде алынған мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді 
жүзеге асыратын мұнай берушіні қоспағанда, мұнай өнімдерін беру 
жоспарына сəйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың 
жəне астананың аумағына өндірілген мұнай өнімдерін беруді көздейтін 
мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушімен жəне (немесе) бөлшек 
сауда арқылы өткізушімен мұнай өнімдерін беруге жасалған шарттың 
болуы талаптары сақталған жағдайда мұнай берушілерге тең 
қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. 


133 
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, 
мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уəкілетті орган мұнай берушілерге 
арнап шикі мұнайды жəне (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестесін 
бекітеді, онда мұнайды өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай 
өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары 
жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды жəне 
(немесе) газ конденсатын беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі 
мұнайды жəне (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің алдағы 
күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы 
уəкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді жəне бекітілген 
күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай 
өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі 
мұнайды жəне (немесе) газ конденсатын беруді шикі мұнайды жəне 
(немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сəйкес 
жүзеге асыруға міндетті. 
7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уəкілетті орган 
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың 
жергілікті атқарушы органдары ұсынатын облыстардың, республикалық 
маңызы бар қалалардың жəне астананың аумақтарына бөлшек сауда 
арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген шикі мұнайды 
жəне (немесе) газ конденсатын беру кестесінің жəне мұнай өнімдерін 
тұтыну болжамының негізінде жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін алдағы 
күнтізбелік жылға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді. 
8. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін берудің бекітілген жоспарына 
сəйкес шикі мұнайдың жəне (немесе) газ конденсатының көлемінен 
өндірілген, бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу 
белгіленген мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті. 
8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор мұнай 
өнімдерін 
беру 
жөніндегі 
бірыңғай 
оператордың 
Қазақстан 
Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық 
қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының 
Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органға, 
мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органға мұнай 
өнімдерін беру қағидаларына, соның ішінде баға белгілеу тəртібін 
қамтитын қағидаларына сəйкес, мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға 
міндетті. 
9. Аталған шарттың нотариалды куəландырылған көшірмесінің 
берілуі мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай берушілермен шикі мұнайды 
жəне (немесе) газ конденсатын өңдеу туралы шарт жасасуының талабы 
болып табылады. 
10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уəкілетті 
органға бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу 
белгіленген, Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды жəне 
(немесе) газ конденсатын беру кестесінің жəне мұнай өнімдерін беру 
жоспарының орындалуы туралы есеп береді. 
11. Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру 
саласындағы уəкілетті органға əкімшілік есепке алу нысаны бойынша, 


134 
мұнай өнімдерін өндіру жəне өткізу мониторингі үшін қажетті мəліметтер 
ұсынуға міндетті. 
12. Мұнай жеткізуші, егер осындай өтеу жеткізуші мен өндірушінің 
арасындағы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің алыс-беріс 
шикізатынан 
қайта 
өңделген 
өнімдер 
бойынша 
Қазақстан 
Республикасының салық заңнамасына сəйкес есептелген акцизді төлеу 
жөніндегі салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын 
өндірушіге өтеуге құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет